Бай мен кедей: сандардағы айырмашылық

«Богатые привычки: ежедневные успешные привычки богатых людей» кітабының авторы Томас Корли бес жыл бойы 233 бай мен 128 кедейдің өмірін зерттеген екен. Сөйтіп, олардың мінез-құлқында түбегейлі айырмашылықтар бар екеніне көз жеткізген. Ең қызығы мыналар:

• Байлардың тек 21%-да ғана 15 кг жоғары артық салмақ бар екен. Ал, кедейлер арасында бұл көрсеткіш 66%-дан жоғары.

• Миллионерлердің 67%-ы теледидар қарауға күніне тек бір сағаттан аз уақыт жұмсаса, кедейлерде ол – 23%. Ал, реалити-шоуларды байлардың 9%-ы, табысы аздардың 78%-ы көреді екен.

• Бай адамдар баласының мектептегі іс-шараларына көбірек қатысады екен. Салыстырмалы түрде 83%/13%.

• Миллионерлердің 92%-ы табысқа тек еңбек пен табандылықтың арқасында жеттік деген. Ал кедейлердің 79%-ы байларды «жай ғана жолы болып кеткен адамдар» деп есептейді, яғни, «просто повезло».

• Өмірге деген позитивті көзқарас көбіне бай адамдарда кездеседі екен – 63%, ал кедейлердің 94%-ы – пессимист.

• Миллионерлердің 100%-ында бағыт сілтеп, жол көрсетуші тәлімгер болған. Ал кедейлердің бір де біреуі ондай адам барын айта алмапты.

• Бай адамдардың 79%-ы өзінің қаржылық әл-ауқатына жауапты сезінеді. Ал кедейлердің 82%-ы мына пікірге сенімді: «егер кедей отбасында өмірге келсең, жағдайыңды өзгерте алмайсың».

https://t.me/qarzhylyq_sauat
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше