Кей адамдарды әуежайда неліктен шамадан тыс тексереді?

Жұрттан бөлек қосымша тексеру, багажды ашып қарау, сұрақтар қою сияқты процедуралар болуы мүмкін. Оның себептері мыналар екен:

— билетті қолма қол ақшаға алсаңыз;
— бұрын ол жаққа бармаған болсаңыз;
— билеттің тек бір жаққа болуы;
— ұшақ уақытына аз уақыт қалғанда алсаңыз;
— АҚШ сияқты елдер кей елдерді жоғары тәуекел тізіміне кіргізеді;
— аты-жөніңіз іздеудегі біреуге ұқсайтын болса;
— үйреншікті емес жерлерге жиі сапар жасайтын жолаушы болсаңыз.

Осындай жолаушылардың билетіне SSSS (secondary security screening selection) деген таңба басылады екен. Бұған жолаушы назар аудара бермейді. Мысалы сіз де алдымен ана суретті көріп, кейін мәтінді соңына дейін оқыған кезде ғана билет суретін қайтадан қарадыңыз
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше