Түрмеден шыққан контрабандист

Бір танымал контрабандист ұры түрмеден шығыпты. Біразға дейін көрінбей жүріп, бір күні велосипедіне бір қап тиеп, шекарадан өтуге келіпті. Қапты тексерсе — ішінде құм екен. Кеденшілер өткізіп жіберіпті. 2 күннен кейін тағы велосипед мініп, қаппен келіпті. Тексеріп қараса — тағы да таза құм. Бірнеше күннен кейін келген кезінде кеден басшысы есірткі тексеретін иттермен, құрал-жабдықпен әбден тексеріпті. Тағы да құм.

Осылайша великпен келіп, қапшығынан үнемі құм шыға беріпті.

Бірнеше жылдан кейін кеден басшысы ұрыны көшеде кездестіріп қалыпты:

— Әлі күнге дейін ішімде ой жатыр мазалап. Бір нәрселер істедің ғой. Айтшы соны. Зейнеттемін, саған ештеңе болмайды.
— Шекарадан әрі ұрланған велосипед таситын едім…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше