Бүгінгінің тәуекел махаббаты
Жаратылыстың ең алғашқы сатыларынан-ақ дүние есігін ашқан пенде өзінің де, өзгенің де кім екенін білмеген. Ғасырлар өтіп, уақыттың ығына байланған адамзат өзара бөлініп, топтасып, жекелене бастаған. Бұл бөлініс — небір қатерден сақтайтын жұмылған тастай жұдырық. Сол жұдырықтың өзінде сусылдаған ізгі сезім бұлақтары мөлтілдеп, пендені жұмыр жүректі Адам деңгейіне жеткізгені рас. Бір нүктеде ұштасқан байырғы дәуір өкілдерінен бүгінгі бізді талғайтын ұлт атаулысы, оның тұла реңдік коды мен ділі тарапты. Бірімен-бірі географиялық салдардан байланысқан алып мұхиттың алғашқы тамшыларынан біз білетін барлық этнос пен ұлт қалыптасқан. Бір қызығы — қазіргі таңдағы өзара жаңа, еркін байланыстарға деген көзқарас қатал.
Қазақстан тұрғындары Кеңес заманының өзінде ұлтаралық некелерге жиі отыратын. Мысалы, 1970 жылы мұндай некелер 20,6% ал 1989 жылы 23,9%-ды құраған. Ал бүгінгі таңдағы статистикалық деректерге сүйенсек, әрбір алтыншы қазақстандық өмірлік серігі ретінде басқа ұлт өкілін таңдайды екен. Отандастарымыз көбінесе орыс, татар, өзбек, украин мен түрік халқының өкілдерімен отау құрады. Демек, құрамында көп ұлты бар елдерде ұлтаралық некелерден арылу мүмкін емес. Ұлт жанашырлары бұл тақырыптан келешектегі қастерлі қанды бұзар зауал көрсе, адам жанашырлары адами мүдде мен құндылықтарды, таңдау еркіндігінің дұрыстығын жақтайды. Әркімнің өз шындығы өзінде, дегенмен, бұл шындықтың отбасы институтына тікелей әсер ететінін ұмытпаған жөн.
Күн сайын қарқынды дамып келе жатқан жаңа заман куәгерлерінің бұрынғы аға буынға қарағанда мүмкіндіктерінің әлдеқайда көп екендігін жоққа шығаруға болмайды. Шексіз әлеммен танысуға аттанған азамат алдында барлық жол ашылып, кеше ғана құлыптаулы тұрған түрлі есіктің кілті де табылды. Сондықтан шетелге шығып, оны шын тани білген ашық көз бен ояу көкіректің әлеуметке нұқсан келтіреріне, шыны керек, сену қиын. Бұл сауалдың алдын алу үшін, алдымен, тәрбиеге көбірек назар аудару қажет. Деректер бойынша, қазақ жігіттеріне қарағанда қазақ қыздарының өзге ұлтпен некелесуі жиірек кездеседі екен. Ал соңғы кездері дайым шығатын жаңалықтарға сүйенсек, қыздарымыздың ұстанымымен де, таңдауымен де келісуге мәжбүрміз. Сондықтан, ертең-ақ қоғамның елеулі мүшесіне айналар ұлымыздың да, қызымыздың да тәрбиесіне мән берген жөн. Әрине, «ұлтаралық некелерді заң жүзінде тоқтатуға болады ғой» деп ұлты үшін шырылдаған адамдардың ойын да аңғаруға болады. Бірақ кешегі тарихымыздағы Сталиннің 1947 жылғы «КСРО азаматтары мен шетелдіктер арасындағы некеге тыйым салу туралы» жарғысының салдарынан тауқымет тартып, үзілген тағдырларды есімізге алайықшы? Бұл заңның небәрі 6-ақ жылдан кейін жойылғанын да ұмытпайық.
Мұндай таңдау жасауға бел буған замандастарымыздың санасына әсер еткен факторлар жетерлік: “тең-теңімен” ұстанымын жіктеген сәйкессіздік синдромы да, әр елдегі демографиялық мәселе де бар. Түсіне де, қабылдай да алу керек дүние — “ұлтаралық неке” қазақтың ғана маңдайына жазылған шер я бақ емес, бұл жаһандық мәселе. Өздерінің “Ровня к ровне” сынды “ұлылық” заңына барынша адал болуға тырысқан көршілес славян халықтары да аталмыш сұраққа дәл біздей жауап іздеп жүр. Алайда біздегі “тең-теңімен”, олардағы “ровня к ровне” дегеннің өзі жауап емес пе? Әр дін мен сенімдегі құдіреттің “Жердегі тірі жандарды жұп қылып жараттық” дегені де көре білгенге жауаптай сезіледі ғой. Тек дұрыс көре білгеніміз жеткілікті.
Ұлтаралық некеге тұру деген — заң жүзі мен әр жақ сенген жаратушының алдында бірге болуға ниет қылған екі адамның біріне-бірі салған аманаты. Сол аманатын сақтап қалу, оңынан аялап, жүректерді қоғамның аямайтын сынынан қорғау – «құда» атанған екі жақ ұлттың мүддесінде екенін мойындаған жөн. Қарбалас дамып келе жатқан заманда бұл мәселенің әркез дау тудырар өзекті тақырып болары анық. Оны қолдау да, қорлау да әркімнің өз еркінде. Тек бақытқа жеткізер еншісі ауыр бұл жолға аяқ басқан жастардың обалына қалмасақ болғаны… Себебі, адамның күні адаммен дей тұра, адамды адам табалаған дәуреннің шаңырағы шайқалмай тұрмайды.

Пікір жоқ әзірше