Бір заң керек

Қазақстан ұлттық құрамасы үшін футболшылардың шет елде ойнағаны дұрыс қой. Мысалы, Зайнудинов, Оразов, Быстров, Әліп секілді жігіттерді қараңыз. Вороговский қандай күшті еді, Бельгияда жүрген кезде. Енді Қазақстан ойыншыларын шетелге қалай шығарамыз?

Чемпионатқа тартыс керек. Мықты ойындардың көп болғаны жөн. Сонда ТВ арқылы көргенде ерекше ләззәт аласың. Ол үшін алаңда мықты ойнайтын легионерлер көп болуы тиіс. Әдемі голдар, ғаламат пастар көбейеді! ТВ транслияция сапасы күшейіп, оған жарнама берушілер артады. Сол арқылы жаңа инвесторлар футбол клубына қызыға бастайды. Демек, чемпионатты күшейту үшін клубтарға еркіндік беру қажет. Сапалы легионер тауып алуға ұмтылыс жасайтындай орта қалыптастырып беру керек.

Ел футболын дамыту үшін бізге дәл қазір түрлі эксперименттерге баруға болады. Несіне қорқамыз? Англия мен Испания да солай істеген ғой.

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше