Ұмыт қалған үкіаяқ ???
Қазақ үшін киелі саналатын үкінің қауырысыны ғана емес, тырнағы да кеңінен қолданылған. Қасиетті үкінің тырнағы жын-шайтаннан, көз тиюден, жаман тылсым күштерде қорғаушы ретінде тұмар болып тағылған. Осындай наным-сенімдерден пайда болған үкіаяқ қазақ қыз-келіншектерінің сүйікті және кеңінен қолдыналатын бұйымдарына айналған. Құстарды оның ішінде үкіні қастерлейген қазақ халықына тән бұйым, Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерінде кең тараған. Әсіресе Арқа, Торғай аймақтарында жиі кездеседі, солтүстік зергерлік мектебінің айқын туындыларының бірі. Үкі аяқты жасау үшін екі тырнағы екі жаққа қарата күміспен дәнекерлете біріктіреді. Төменгі жағына сөлкебай-теңгелер, тасты көздер, маржан-моншақтар, күміс қоңыраулар ілінеді. Ерекше әшекей тұмар болғандықтан бесікке, баланың кеудешесіне, бойжеткен қыздардың тақиясына, қалыңдықтын сәуелесіне, келіншектердің кимешегіне немесе мойынына тағылған. Ұмыт қалған үкіаяқты жаңғыртып тағып жүрсек қалай болады?
Пікір жоқ әзірше