НАЗАРБАЕВТЫ ҚҰЛАТТЫ…

Әлеуметтік желіде бұл сурет бірден таралып кетті. Нақтырақ айтсам, Қазақстандық суретші Ербосын Мелдібеков негізгі экспонаттарының бірі бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші саналатын жаңа көрме ұсынды.

Назарбаевтың құлап бара жатқан бейнесі… Қандай сезімде болдым? Жүрегім ауырды. Аяғаннан ба? Білмедім…

Біз — пендеміз. Кейде адамның бар жақсылығын бір жамандықпен ұмытып кетеміз.

Назарбаевты жақтамаймын да, даттамаймын да… Шыны керек, ол Тәуелсіз Қазақстан тарихын жазды. Қате кеткен тұстары жоқ емес, тіпті, көп. Бірақ жасаған жақсы істері ше?

Халық неге бірден бәрін ұмытып кетті? Жеке басқа табынушылық сезімін жасап алған өзіміз емеспіз бе? Кінә кімнен? Ойланарлық сұрақ, иә?

Тәуелсіз Қазақстанның шекерасын бекітіп, халқын егемендікте өмір сүргізген кезеңі болды. Астананы салып, талай жетістікке қол жеткіздік.

Жамандық деп жақсы істерін ұмытпайық. Ол құлағанмен аты тарихта қалды ғой. Ал тарих ешқашан өшпейді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше