“Казахстанская правда” газеті әлеуметтік медиада ақпаратты қалай таратады?

Бүгін мен сіздерге танымал «Казахстанская правда» газетінің әлеуметтік желілерде ақпаратты таратуда қандай жолдар қолданатынын көрсеткім келеді.

1) Газет Instagram (kazpravda.kz), Telegram (kazpravda_kz), YouTube («Казахстанская правда»), Facebook («Казахстанская правда») сияқты әртүрлі әлеуметтік платформаларда тіркелген.

2)Графикалық мазмұн және интерактивті элементтер: газет мазмұнды тартымды және оқуды жеңілдету үшін қызықты суреттерді, графиканы және бейнелерді пайдаланады. Олар сонымен қатар reels-тер мен YouTube shorts-тар арқылы ақпаратты репортаждар түсірумен және азаматтармен сауалнама жүргізумен ерекшеленеді.

3)Фоторепортаждар: Казахстанская правданың Instagram желісіне кірсеңіз, олардың фоторепортаждары бар “актуальныйды” байқауға болады. Олар журналистиканың бұл әдісін оқиғалар, орындар, адамдар немесе тақырыптар туралы хабарлау үшін пайдаланады.

4)Instagram Stories: Газет ақпаратты тарату үшін осы функцияны пайдаланып мақалаларды демалыссыз жариялайды. Дегенмен, олар тек қызықты тақырып пен жаңалықтың кысқаша бөлігін жазады, содан кейін ресми сайтқа сілтеме қалдырады.

5) Серіктестік және қарым-қатынастық: «Казахстанская правда» газеті басқа БАҚ өкілдерімен және танымал адамдармен қарым-қатынасып отырады. Мысалы, «Ұлы Дала» РҚБ президенті Ақмарал Бермұзаева өз парақшасында жаңалықтардың сілтемелерімен жиі бөлісіп, газетаның жұмысын жоғары бағалап отырады. Atameken.news да мақалаларды жариялап, халықты сенімді ақпаратты оқуға шақырады.

Қорытындылай келе, «Казахстанская правда» әлеуметтік желілерде ақпарат тарату әдістерін өте жақсы пайдаланады деп айта аламын. Дегенмен, оларға аудиториямен өзара әрекеттесу, яғни халықтың пікірлеріне толық жауап қайтару жетіспейді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше