Ішкі жүрекке құлақ асу: Геодезиядан Йогаға Өзгеріс
Қазіргі уақытта мансап жолы көбінесе қоғамдық стандарттармен алдын ала белгіленгендіктен тұрақты жұмыстан кету әр адамға оңай бола бермейтін шешім.
Бірақ біздің арамызда өзінің ыңғайлы аймағынан шыға білген адамдар саны да аз емес. Сол кейіпкерлеріміздің бірі — беделді, ірі компаниядағы тұрақты жұмысынан шығып, толығымен йога жаттықтырушысына айналған Тлек есімді кейіпкер.
Тлек геодезия саласын 10 жыл бұрын бастаған. Ол бұл салада көптеген жетістіктерге жетіп, көптеген BI немесе ұлттық ірі компанияларда жұмыс істеп үлгерген. Басты кейіпкер дәлдік пен адалдықтың маңыздылығын көрсете отырып, осы кәсіптің қиындықтары мен қызықты аспектілері туралы естеліктерімен бөлісе кетті. Тлек үшін өзінің алғашқы кәсіби саласында әр есептеудің маңызы зор екенін айты. Өйткені болашақ құрылымдардың, жолдардың, ғимараттармен көпірлердің дұрыс салынуы осы мамандықпен тікелей байланысы бар екенін атап өтті.
Геодезист саласынан йога практикасына ауысу Тлек өміріндегі сезімтал бірақ аса маңызды өзгерістердің бірі болып табылады. Кезінде дәлдік пен адалдық қағидалары — кейіпкердің кәсіби жолында маңызды заң болса, енді бұл қағидалар Тлек үшін өзін-өзі көбірек тану мен жеке тұлға ретінде дамуының негізіне айналды. Осы сәтте Тлек өзінің алғашқы кәсіби мамандығына деген құлшынысының өшкенін түсініп, өзінің бар күшін, ынтасын жаңа бағыттар мен йога практикасына жұмсамақ болып шешті.
Әрі қарай Тлек геодезист болып жұмыс істеген кезінде осы уақытқа дейін шыңдаған біліктіліктерін йога саласында қалай ұштастыруға болатын ойлайды.
Геодезия саласындағы маңызды ереже ол адалдық пен шындық, екенін бізге университеттен бастан айтатын Тлек үшін бір қарағанда екі түрлі мамандық болып көрінгенмен, бұл дәлдік пен іргелі адалдық йога тәжірибесімен үндес болып табылып, кейіпкерге жаңа бастамасында көп көмегін тигізген.
Кейіпкеріміз сұхбат барысында, йога арқылы жан тыныштығын тауып, онымен қоса осы саланың жеке өсуіне көп көмегі тигенін жасырмады.
Дегенмен жаңа шешім қабылдау басты кейіпкерімізге оңай болмады. Мансапты өзгерту туралы шешім оны жеке танитын адамдардың бәрін таңқалдырды, бірақ осы сәтте жұбайының қолдауымен өзіне деген сенімі Тлекке жаңа өмір жолындағы барлық кедергілерді жеңуге көмектесті.
Әр адам өмірінің жаға бөліміне бет бұрған кезде міндетті түрде оны күптеген тосын-сыйлар, қиындықтар күтіп тұрады. Бұл жайт басты кейіпкерімізді де айналып өтіп кеткен жоқ. «Ал, бірінші сынақ… бұл қарапайым — материалдық табыс». Уақыт өте келе кейіпкеріміз өзінің жаңа рөлінде үйлесімділік пен қанағат тапқанын атап өтті.
Сұхбат барысында Тлек йоганың болашағымен даму процессі жайлы айта кетті. Оның ойынша йога енді атақты болып келе жатқан қозғалыстың бір түрі. Және осы толқынмен басты кейіпкеріміз йоганың адамға керек өмір салты екенін көрсеткісі келеді. Тлек йоганы зерттеуді жалғастыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде алдағы Үндістанға сапарлар арқылы оның шығу тегін тереңірек түсініп, қажет адамдарға осы біліммен бөлісу.
Қорытындылай келе, басты кейіпкеріміздің оқиғасы батыл және шабыттандыратын өмір жолының үлгісі ғана емес, сонымен қатар жеке өсумен мен адамның өзіне деген сенімнің арқасында бәріне төтеп беруге болады деген жолдама.
Мерей Райымбек

Біріншісі – бұл мамандыққа деген қызығушылығымды толықтай жоғалтқан кезде ме әлде сол кездері өзімді бір орында тұрып дамымай жатқан адамдай сездім бе, сол кезде бәрін түсіндім: «Алға жылжитын уақыт келді». Міне, осы кезден бастап өмірімнің жаңа тарауы ашылды десем болады.
Әрі қарай Тлек геодезист болып жұмыс істеген кезінде осы уақытқа дейін шыңдаған біліктіліктерін йога саласында қалай ұштастыруға болатын ойлайды.
Геодезия саласындағы маңызды ереже ол адалдық пен шындық, екенін бізге университеттен бастан айтатын Тлек үшін бір қарағанда екі түрлі мамандық болып көрінгенмен, бұл дәлдік пен іргелі адалдық йога тәжірибесімен үндес болып табылып, кейіпкерге жаңа бастамасында көп көмегін тигізген.
Кейіпкеріміз сұхбат барысында, йога арқылы жан тыныштығын тауып, онымен қоса осы саланың жеке өсуіне көп көмегі тигенін жасырмады.
Йога әлемінде мен физикалық жаттығудан бөлек жан тыныштығын таптым. Йога — ол мен әрқашан іздеген ішкі тыныштық оазисіне айналды. Йогамен байланысы бар әр тәжірибем мені жан тыныштығы мен үйлесімділікке апарады. Йога әлемінде өзімді ұстауды, әр нәрсеге байыппен қарауды бастадым.
Дегенмен жаңа шешім қабылдау басты кейіпкерімізге оңай болмады. Мансапты өзгерту туралы шешім оны жеке танитын адамдардың бәрін таңқалдырды, бірақ осы сәтте жұбайының қолдауымен өзіне деген сенімі Тлекке жаңа өмір жолындағы барлық кедергілерді жеңуге көмектесті.
“Мамандығымды жаңа бағытқа өзгертемін деген кезде, жақындарымның реакциясы қуанғаннан көрі, көбірек негативты болды. Бәрі маған бұл шешімнің бұрыс екенін айтып, қатты қиналып қалатынынды айтып тұрды. Осы сәтте жұбайымның қолдауы керемет болды. Ол әрқашан менің қолымнан келетінін айтып, бастаған ісімді соңына дейін жеткізе алатынымды есіме алып тұрды. Иә, әлі халқымыздың арасында бұл салаға әлі байыппен қарайды. Дегенмен мен йоганың әр адамға қол жетімді және пайдалы екеніне сенімдімін”
Әр адам өмірінің жаға бөліміне бет бұрған кезде міндетті түрде оны күптеген тосын-сыйлар, қиындықтар күтіп тұрады. Бұл жайт басты кейіпкерімізді де айналып өтіп кеткен жоқ. «Ал, бірінші сынақ… бұл қарапайым — материалдық табыс». Уақыт өте келе кейіпкеріміз өзінің жаңа рөлінде үйлесімділік пен қанағат тапқанын атап өтті.
Сұхбат барысында Тлек йоганың болашағымен даму процессі жайлы айта кетті. Оның ойынша йога енді атақты болып келе жатқан қозғалыстың бір түрі. Және осы толқынмен басты кейіпкеріміз йоганың адамға керек өмір салты екенін көрсеткісі келеді. Тлек йоганы зерттеуді жалғастыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде алдағы Үндістанға сапарлар арқылы оның шығу тегін тереңірек түсініп, қажет адамдарға осы біліммен бөлісу.
Менің болашақ жоспарларым йоганы терең зерттеумен, соның ішінде Үндістандағы сапарлармен байланысты. Адамдарға ішкі тыныштық пен бақыт табуға көмектесу арқылы мен өз білімім мен тәжірибемді басқалармен бөліскім келеді.”
Қорытындылай келе, басты кейіпкеріміздің оқиғасы батыл және шабыттандыратын өмір жолының үлгісі ғана емес, сонымен қатар жеке өсумен мен адамның өзіне деген сенімнің арқасында бәріне төтеп беруге болады деген жолдама.
Мерей Райымбек
Пікір жоқ әзірше