Буллингтің өміріміздегі орны қандай?

«Буллинг» термині белгілі бір адамды жүйелі түрде қорлауды, қорқытуды және қудалауды білдіреді. Мұндай әрекеттерді бір немесе бірнеше адамдардан құралған топтың жағынан көре аламыз.

Дэн Олвейстің «Мектептегі буллинг: біз не білеміз және не істей аламыз» зерттеуін қарап шығуға болады. Онда Олвейс буллингтің классикалық анықтамасын берді:
“Мектеп оқушысы белгілі бір уақыт аралығында жүйелі түрде бір немесе бірнеше баланың жағымсыз әрекеттеріне ұшырауы.”
Осы әрекеттің мақсаты ыңғайсыздық тудыру, адамға кері әсер тигізу. Сонымен қатар, қорқыту міндетті түрде теңсіздік жағдайында, «бала өзін қорғай алмаған кезде» орын алады.

21 ғасырда қорқыту тек мектепте ғана емес, адамдар арасындағы теңсіздік байқалатын барлық жерде кездеседі. Ал қазіргі таңда, кибербуллингке ерекше көңіл бөле аламыз.

Интернетті кеңінен қолдану арқылы өміріміз түбегейлі өзгерді. Қорқыту көптеген салаларда пайда бола бастады. Сонымен қатар біздің өміріміздің осы бөлігіне де әсер етті.

Кибербуллинг балалар, жасөспірімдер, ересектер, әсіресе атақты адамдар үшін ортақ мәселе.

Бұл адам психикасына қатты әсер етеді. Көбісі адамды жақтыртпауын пост немесе видеосына бөлісуге дайын.

Жан түршігерлік пікірлердің астында қалғандардың көпшілігі — әйелдер. Мұны көріп, ештеңе істемейтін адамдар аз емес. Өйткені, статистика бойынша адамдардың 25 % кибербуллингті қалыпты деп санайды.

Кибербуллинг жастардың өз-өзіне қол жұмсау мүмкіндігін арттырды.
Әсіресе, соңғы он жылда балалар мен жасөспірімдер арасында депрессия, мазасыздық, суицидтік ойлар саны артты. Сөзсіз, кибербуллинг осы мәселелерге ықпал етуді жалғастыруда.

Бұл мәселемен күресудің бірнеше жолы бар. Ол, мұндай адамдарды елемеу және бұғаттау. Сондай-ақ осындай проблеманың дамуымен сіз дәлелдерді жинап, кибербуллинг туралы хабарлай аласыз.

Кибербуллинг – адамдардың қатыгездік пен адамгершіліктен айырылуына ықпал ететін факторлардың бірі. Бір-бірімізге мейірімді болсақ, кем дегенде, осы әлемдегі жақсы өзгерістерге үлес қоса аламыз.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше