Ұлы тұлға Абайға арнау
Абай — теңіз, толқынымен тасытқан,
Қара өлеңмен нәр беруге асыққан.
Қашық бол деп атаған жаман әдетті,
Өмірге емес байлыққа көзі ғашықтан.
Құнанбайдай текті әке барында,
Саларсың ау түрлі әуен сарынға.
Сескенсең де қатал әке мінезден,
Барың еді, асқар тауың, нарың да.
Ғылым-білім іздендіріп халқына,
Надандықтан құтқарады алқына.
Имандылық сақталады жүректе,
Тиісуге қақымыз жоқ даңқына.
Шындықты айналдырып өтірікке,
Дуананы баладық бөлтірікке.
Әділетті іздедік көзді байлап,
Сенгіштеніп айтылған көпірікке.
Болыс болу арман еді талайға,
Жанашырлық көрінбеді алайда.
Жүзі жалын, іші мұздан сақтанғын,
Ескертеді оны хакім Абай да.
Мезгілімен келеді дүркірегім,
Қаны тулап тұрғанда түркілердің.
Кезігуден қорқамын Абай айтқан,
Қулығына айлакер түлкілердің.
Жалғыз өзі күрескен сағы сынбай,
Толқығанда Ертістің ағысындай.
Қамын жеген халқының ізгілікпен,
Үзіліссіз жүректің қағысындай.
Асыл мұра сақталса есті күннен,
Сыр ашады халқына ескі үнмен.
Ұлы тұлға ұмытылмас қашанда,
Мәңгі есте қаларсың кескініңмен.
Қара өлеңмен нәр беруге асыққан.
Қашық бол деп атаған жаман әдетті,
Өмірге емес байлыққа көзі ғашықтан.
Құнанбайдай текті әке барында,
Саларсың ау түрлі әуен сарынға.
Сескенсең де қатал әке мінезден,
Барың еді, асқар тауың, нарың да.
Ғылым-білім іздендіріп халқына,
Надандықтан құтқарады алқына.
Имандылық сақталады жүректе,
Тиісуге қақымыз жоқ даңқына.
Шындықты айналдырып өтірікке,
Дуананы баладық бөлтірікке.
Әділетті іздедік көзді байлап,
Сенгіштеніп айтылған көпірікке.
Болыс болу арман еді талайға,
Жанашырлық көрінбеді алайда.
Жүзі жалын, іші мұздан сақтанғын,
Ескертеді оны хакім Абай да.
Мезгілімен келеді дүркірегім,
Қаны тулап тұрғанда түркілердің.
Кезігуден қорқамын Абай айтқан,
Қулығына айлакер түлкілердің.
Жалғыз өзі күрескен сағы сынбай,
Толқығанда Ертістің ағысындай.
Қамын жеген халқының ізгілікпен,
Үзіліссіз жүректің қағысындай.
Асыл мұра сақталса есті күннен,
Сыр ашады халқына ескі үнмен.
Ұлы тұлға ұмытылмас қашанда,
Мәңгі есте қаларсың кескініңмен.
Пікір жоқ әзірше