Бақытты өмір сүру үшін адамға қанша қаражат керек?

Адам бақыты көптеген факторға байланысты. Бірақ ешқашан өзгермейтін, бақытты болуға мүмкіндік беретін зат — ақша.
Бақытты өмір сүру үшін адамға қанша қаражат керек деген сұраққа жауап беру үшін ең алдымен ол адамның айлық жалақысын, күнделікті шығынын және ол адамды бақытты ететін заттарды табу керек.
Мысалы, орташа жастағы Қазақстан азаматын алсақ біріншіден, ол адамның орташа жалақысы мен қажеттіліктерін білуіміз керек. Егер ол адам шамамамен 250 000 тг жалақы алатын болса, сол ақшадан салықты (жеке табыс салығы 10%, міндетті зейнетақы салығы 10%, медициналық сақтандыру 2%) алып тастағанда, 195 000 тг қалады.
Ендігі кезекте айлық шығынды есептейік. Бір адам тамаққа ең аз дегенде 65 000 тг жұмсаса, жалдамалы пәтер үшін 120 000 тг төлейді. Күнделікті жүріп-тұру көлікпен болса, ең аз есеппен (жанармай үшін) 20 000 тг, ал қоғамдық көлікпен жүрсе шамамен 7 000 тг жұмсайды. Сонда тек бір жалақымен бақытты болу былай тұрсын, күнделікті қажеттілікті қанағаттандырудың өзі өте қиын және мүмкін емес дерлік.
Ал қарапайым адамның ештеңеден бас тартпай, толыққанды өмір сүріп, бақытты болуы үшін қанша сома ақша керек?
Біріншіден, қарапайым заттарды қарастырайық, олар: пайдалы әрі құнарлы аспен тамақтану; ауа-райына, мезгілге байланысты киім-кешек, аяқ-киім сатып алу; айына кем дегенде 2 рет қыдыру, демалу және т.б.
Екіншіден, адамның қажеттіліктерінен бөлек, жеке қалаулары да бар:
1. Саяхаттау
2. Денсаулығын жақсарту, тексерулерден өту
3. Білім алу, даму, хоббимен айналысу
4. Инвестиция немесе шотқа ақша жинау
5. Спортпен айналысу және т.с.с.
Осылайша, осындай қалаулар мен қажеттіліктерді орындап, бақытты болу үшін айына 1 – 1,5 млн тг шамасында қаражат керек.
Әрине, бұл сома адамның өмір сүріп жатқан жеріне, сол жердегі бағаға тікелей байланысты өзгереді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше