Жазықсыз жазықты (Палестина зары)
Күрт ояндым.
Сөнді желден шырағым.
Тым көбейді жауабы жоқ сұрағым.
Төзе алмадым айқайына жандардың
Көзбен көріп, естіген соң құлағым.
Жоғалттыңдар
Үміт-шамды жанатын,
Дәмеленген бар ойларың сара тым:
Әділдікті аңсап солған гүлдердің
Адасқандар бағындырмақ сағатын.
Жинаңдар ес!
Байыппен бас қадамды,
Қанішерлер шын бүлдірер ғаламды.
Қор үрейдің құрбандары ұлт емес, —
Атылған оқ жаралайды Адамды.
Аш көзіңді!
Күш қалмады көнуге,
Періштелер бейім қанын төгуге!
Сенің балаң сүре алатын өмірді
Өзге бала лайықсыз ба көруге?
Өкінемін.
Мен өкінем жер үшін.
Азып, жасып, бейнет көрген ел үшін.
Сақтадым кек Адасқанның бәріне
Тұншықтырып, тұнып тұрған шер үшін!
Жоқ, дара ел!
Желінбеші! Шегінбе!
Бар жазығы… Бар жазығы — сенім бе?
[Асқаны жоқ сенімдердің, кемі де]
Қан малынған алақандай жүрегің
Сенгеніңнен дүрсілдейді сенің де!
Қап, Адасқан…
Адасқайсың сен лайым.
Ұялмастан бір ақиқат сұрайын:
Аямаған бөтен елдің көз жасын
Сені қалай кешірмекші Құдайың?
Құлап жатыр!
«Марқұм» жалғау тағылды…
Құлап жатыр тұрғыза алмай қабірді!
Бірін-бірі арқалауда қу сүйек,
О, Жаратқан!
Бере гөрші сабырды…
Шыда, жүрек…
Шыдап едің қаншама?!
Шыдадың ғой Тәңіріңе тамсана!
Қара жерден табылған соң қасиет
Қара дерттен қараймады тән, санаң.
Шын тіледім тілеуіңді дұғамда,
Танымаған жүрегіңді ұғам ба?
Жалынамын, қайта жақшы отыңды,
Төзгеніңдей, шыдап өтші бұған да.
Арпалыстан тығылған жан — табылма,
Жарылыстан жығылған жан, дамылда.
Айналдырған алма кезек дүние,
Арызымды жаздым саған, қабылда…
Сөнді желден шырағым.
Тым көбейді жауабы жоқ сұрағым.
Төзе алмадым айқайына жандардың
Көзбен көріп, естіген соң құлағым.
Жоғалттыңдар
Үміт-шамды жанатын,
Дәмеленген бар ойларың сара тым:
Әділдікті аңсап солған гүлдердің
Адасқандар бағындырмақ сағатын.
Жинаңдар ес!
Байыппен бас қадамды,
Қанішерлер шын бүлдірер ғаламды.
Қор үрейдің құрбандары ұлт емес, —
Атылған оқ жаралайды Адамды.
Аш көзіңді!
Күш қалмады көнуге,
Періштелер бейім қанын төгуге!
Сенің балаң сүре алатын өмірді
Өзге бала лайықсыз ба көруге?
Өкінемін.
Мен өкінем жер үшін.
Азып, жасып, бейнет көрген ел үшін.
Сақтадым кек Адасқанның бәріне
Тұншықтырып, тұнып тұрған шер үшін!
Жоқ, дара ел!
Желінбеші! Шегінбе!
Бар жазығы… Бар жазығы — сенім бе?
[Асқаны жоқ сенімдердің, кемі де]
Қан малынған алақандай жүрегің
Сенгеніңнен дүрсілдейді сенің де!
Қап, Адасқан…
Адасқайсың сен лайым.
Ұялмастан бір ақиқат сұрайын:
Аямаған бөтен елдің көз жасын
Сені қалай кешірмекші Құдайың?
Құлап жатыр!
«Марқұм» жалғау тағылды…
Құлап жатыр тұрғыза алмай қабірді!
Бірін-бірі арқалауда қу сүйек,
О, Жаратқан!
Бере гөрші сабырды…
Шыда, жүрек…
Шыдап едің қаншама?!
Шыдадың ғой Тәңіріңе тамсана!
Қара жерден табылған соң қасиет
Қара дерттен қараймады тән, санаң.
Шын тіледім тілеуіңді дұғамда,
Танымаған жүрегіңді ұғам ба?
Жалынамын, қайта жақшы отыңды,
Төзгеніңдей, шыдап өтші бұған да.
Арпалыстан тығылған жан — табылма,
Жарылыстан жығылған жан, дамылда.
Айналдырған алма кезек дүние,
Арызымды жаздым саған, қабылда…