БҮРКЕНШІК ЕСІМДЕРДІҢ СЫРЫ НЕДЕ?
Бүркеншік есімді қолдану – қазақ халқында ежелден бар үрдіс.
Айталық, ұлтымыздың ертеден келе жатқан сөз ойнату, ат тергеу
сияқты салт- дәстүрлері бұған дәлел. Тіпті қазақ дейтін іргелі
жұрттымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өзінің алғашқы
өлеңдерін «Дала уалаятының газетінде» Көкбай ақынның атынан
жариялап тұрған деседі.
Ал бүркеншік есімдердің жиі бой көрсетуі XX ғасырдың басымен тұспатұс келеді. Яғни елді ағартуға ұйысқан қазақ оқығандары патша үкіметінің
көзіне ілікпес үшін түрлі есімдер қолдануға мәжбүр болды. Бұл мәжбүрлік
– ұлт зиялыларының халықпен байланыс орнатудың таптырмас бір
құралына айналды. Атап айтсақ, сол уақытта «Қазақ», «Айқап» сынды
басылымдарда Әлихан Бөкейхан «қыр баласы» есімімен ұлттық
автономия құруды мақсат тұта отырып, елдің саяси жағдайын сөз еткен
туындыларын жарияласа, Міржақып Дулатұлы «Алашұлы Азамат»,
«Мадияр» сынды есімдермен бүркелене отырып, елінің мұң-мұқтажын
жоқтап, халқының арман-мақсатын жеткізе білген.
Қазақ жазбагерлерінің арасында ең көп бүркеншік есімді қолданған
дардың бірі – Бейімбет Майлин. Бейімбеттанушы Ғалым Тоқтар
Бейісқұлов алаш арысының «Бейімбет», «Балық», «Быж», «Қарабала»
сынды 74-ке жуық есімдерін анықтаған.
Жалпы көбіне қаламгерлердің өздеріне бүркеншік есім қоюы ой-қиялы
мен саяси көзқарасына байланысты болып келеді. Бірақ сол дәуірдегі
басылымдарда жарық көрген мақала авторларының атауында жиі
ұшырайтыны – аты-жөндерін қысқартып жазуы. Яки Ахмет Байтұрсынұлы
— « А.Б., А., А.Б.», Жүсіпбек Аймауытов — « А.Ж., Ж.», Мағжан Жұмабаев
— «М.Ж.», Мұхтар Әуезов — «М., М.Ә.» деп осындай қысқартпа есімдерді
пайдаланған. Және ұлт азаматтарының есімдері өзінің шыққан ру-тайпасы
не жер атауларына байланысты бүркеленген. Мысалы, Міржақып
Дулатұлы «Арғын», Мұстафа Шоқай «Жанай», Отыншы Әлжанов «Орта
жүз», Ғұмар Қарашұлы «Байұлы», «Алатау баласы» ( Барлыбек
Сыртанұлы), «Ауыл баласы» (Мұхтар Әуезов) және т.б. Тіпті бүркеншік
есімдер ішінде латын қаріптері мен рим цифрлары белгіленетін құпия
атаулар де кездеседі. Мәселен, Халел Досмұхамедұлы — «һ» қарпімен
бүркеленсе, Әлихан Бөкейхан мен М.Малдыбай «V» таңбасын қолданған.
Сонымен қатар, бүркеншік есімдер жеке автордан бөлек қос автордың
кейде одан да көп туынды иелерінің атынан ортақ жарияланады. Соның
бірі – Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің «Абай» журналында
қолданған «Екеу» атты бүркеншік есімі. Мұндай ортақ мақсатпен туған
аттар «Семинария оқушылары», «Еңбекші қазақ» газеттерінде жиі
кездеседі. Мәселен, «Үшеу», «Бесеу» тәрізді жалпы атаулар жарияланған.
Тіпті бүркеншік есімдердің арасында белгілі де белгісіз есімдер жетерлік.
Мысалы, «Түркі баласы» бүркеншік атына қатысты дүдәмал пікірлер орын
алып жатады. Яғни бірі – Әлихандікі десе, енді бірі – Жахандікі деп алмакезек телініп жүр. Бұл есімнен бөлек «Жас алаш», «Байқаушы», «Ақын»,
«Арысұлы» тәрізді «ашылсын» деп сұранып тұрған белгісіз бүркеншік
есімдердің саны әлдеқайда басым.
Қорыта келе, жоғарыда айтылғандай бүркеншік есімдердің бізге
ашылмаған әлі талай құпиясы мен мән — мағынасы жатыр. Яғни бұл
беймәлім есімдердің сыры бізге алаштың біртуар азаматтарының азаттық
ойы мен мүдделі мақсатын айқын көрсететіні хақ!