Ұлы тұлғалар неге ашықты?
Ежелгі дәуірде ашығу Мысыр, Ассирия, Персия, Вавилон, Скиф, Грекия, Фракия, Скандинавия, Рим, Үндістан, Палестина, Тибет, Жапония және Қытайда қолданылды. Сондай-ақ діни аштықты готтар мен кельттер, ацтектер мен толтектер Мексикада, Перуда Инкалар өткізді. Исаның мінез-құлықты жөндеу үшін 40 күн ашыққанын білеміз. Сол секілді софылық ілімде де 40 күн шілтенге отырған. Басқа да ұлы тұлғалар тағамнан айлар бойы бас тартқан екен. Олар кімдер? Пифагор. Ежелгі Грекиядағы әйгілі философия мектебінің негізін қалаушысы ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін 40 күн бойы ашыққан.
Платон. Ол ақыл-ойдың анықтығы, дененің тазалығы және жақсы мінез үшін 10 күн ашыққан. Оның шәкірті Сократ та ашығуды қолдап, ұстазының ізімен жүрген.
Гиппократ. Медицинаның атасы Гиппократ «дәрігер науқасқа көмектесе алмайды. Егер науқас көп тамақ ішуін жалғастырса» деген жазба қалдырған.
Плутарх. Ол «дәрі қабылдаудың орнына бір күн аш болған дұрыс» деп кеңес берген.
Ибн-Сина. X-XI ғасырларда Шығыс дәрігері Авиценна ашығу арқылы пациенттерінің қанын тазартқан. Әсіресе, мерез және шешек ауруы бар науқастарды ашығу арқылы жазған.
Ганди. Философ ұзақ уақыт бойы ашыққанды ұнатқан. Оған аштық ерекше сезім сыйлаған. Ашығуды денені тазалап, емделу үшін ғана емес рухани тазару үшін де қолданған.