Өзіңді өзгелермен салыстырмау жайында….

Сен қайталанбас жансың!🤍

Бұл сөздерге бірі сенер бірі сенбес, бірақ бұл таза шындық тікелей факті мен іс жүзінде дәлелденген дүние.

Біз пенде атаулы бұл фактіні мойындамай, одан аттап өтіп күдікпен қарап, күн сайын өзімізді біреумен салыстырумен боламыз. Жан дүниемізді өмір бойы азаптап өтуге құштармыз ба, білмеймін біртүрлі жандармыз әйтеуір, адам болмысын түсінбей өтетін шығармын.

Қашан қарасаң,өзін біреумен салыстырады да жүреді өзі ғана болса бір жөн, оған ең өкініштісі ата-анасы, жақындары, достары, тіпті жігіті де араласады.

Жұрттың баласын қарашы, көршінің қызын -ай, Айгүлді қара үй алыпты, Саматты қара спортпен айналысып жүр екен, деген күнделікті салыстырулар адамның түбіне жететіні анық.

Адамдар әртүрлі. Олар салыстыруды да әртүрлі қабылдайды. Бірі сынады, біріне бұл күш. Алға жетелейтін күш. Мотивация.

Меніңше салыстыруға болатын дүниелер мен салыстыруға болмайтын дүниелер бар.

Мәселен сен еңбек ету үшін айтылған салыстырулар, бұл ой таразысына салып көрсе, саған пайдасы тиетін, өсуіңе көмегін тигізетін оң салыстырулар болуы әбден мүмкін.

Ал сенің құндылығыңды төмен түсіретін яғни сырт-келбетіңді, жүріс-тұрысыңды, дауысыңды, түгел болмысыңды салыстыратындар — міне солар сенің жауың.

Басында айтқым келгені де осы, сенің шаштарың сенің қою көздерің, мұрның, сенің саусақтарың, қиылған белің — сенде ғана бар, саған ғана тиесілі, тіпті егіз дейтін егіздердің өзі бір-біріне ұқсамайды.

Сен де ақымақ болғаныңды қой, 7 млрд замандасыңның біріне де ұқсамайсың ерекшесің, бөлексің, жеке тұлғасың, ешкімге еліктеме өзіңді сүй, бағала құрметте, аялап ұста,әлгі жауларға өзіңді ренжітуге жол берме,өзіңе жау болма:)