Халықаралық кинофестивальдерде жүлде алған 3 қазақ фильмдері
Бұл мақалада мен халықаралық кинофестивальдерде жүлде алған 3 қазақ фильмдері туралы айтқым келеді.
«Шал», 2012 жыл.
Режиссер Ермек Тұрсыновтың Эрнест Хемингуэйдің «Қарт пен теңіз» повесі бойынша түсірілген фильмі. Шалғай далада тұратын қария мен оның отбасының тарихын баяндайды.
2013 жылы фильм KinoShock 2013 Open фестивалінің Гран-приін алды, актер Ерболат Тоғызақов «Үздік ер адам рөлі» жүлдесін иеленді. Фильм «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша Оскарға үміткерлердің тізіміне енді.
«Келін», 2008 жыл.
Ермек Тұрсыновтың дебюттік фильмі. Оқиға біздің дәуіріміздің 3-4 ғасырларында өтеді. Бұл табиғаттың бір бөлігі ретінде өмір сүретін адамдар туралы оқиға, ол кездегі басты мақсат — аман қалу және ұрпақты жалғастыру болды. Фильм Монакодағы Monaco Charity Film Festival «Үздік толықметражды фильм» жүлдесін алды. Сондай-ақ Нью-Йорктегі Еуразия кинофестивалінде «Үздік көркем фильм» және «Үздік операторлық жұмыс» жүлделерімен марапатталды.
«Келін» фильмі «Шетел тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша Оскарға үміткер болды.
«Амре», 2018 жыл.
Парижде өткен ЭКСПО 1925 көрмесі аясында өткен Дүниежүзілік музыка байқауында қазақтың ән өнері мен ұлттық аспабы домбыраны ұсынған қазақтың аты аңызға айналған әншісі Әмір Қашаубаев туралы фильм.
Фильм Лос-Анджелестегі кинофестивалінде көптеген марапаттарға ие болды: Silver Screen Prize және Global Grand Jury Prize; Ұлыбританиядағы Манчестер халықаралық кинофестивалінде «Үздік қойылым дизайны» және WorldFest Хьюстондағы REMI Platinum сыйлығының иегері атанды.
Қорыта айтқанда, көптеген қазақстандық фильмдер өздерін көрсетіп, тіпті «Оскар» марапатына ұсынылды. Бұл шынымен де керемет, болашақта мұндай жаңалықтар бұдан да көп болады деп сенемін.