Сторителлингке қатысты қандай жақсы кітап бар?

Роберт Маккидің “Сториномика” атты шығармасы.

Неліктен көптеген ақпараттың бір бөлігі вирус секілді Интернетте таралып жатса, екінші бөлігі танымды болса да, аудиторияға қызықсыз болуда? Осындай сұрақтардың жауабын осы кітаптан білуге болады.

«Сторителлинг» термині көптен бері көз алдымда жыпылықтап жүрді, бірақ мен оған онша мән бермедім. Жақын арада, сабаққа қатысты болғандықтан, оқып шықтым. Көптеген сұрақтарыма жауап алдым.

Әңгіме арқылы адамдарды өлімнен кейінгі өмірге, жат планеталықтарға, ежелгі жоғары дамыған өркениеттерге, масондарға және т.б. дүниелерге сендіруге болады. Ақпарат оқиға түрінде берілсе, оқырманды қызықтырып алу қиын емес.

Адамдар әңгімеңізді оқығанда, сізге жақын болғанын, болашақта сенімдік сезіндіреді.

Сторителлинг – адам санасына психологиялық әсер етудің ең күшті түрі.

Әңгімелердің әсері кейде адамдардың санасын өзгертетіні соншалық, олар сіздің жанкүйерлеріңізге айналып, сіз қателессеңіз де, бірге әрекет ете бастайды.

Ақпаратты оқиға ретінде жариялағанда, оқырман назарын аударып алу жеңілдірек болады.

Роберт Маккидің маған ұнаған жаңа терминімен бөлісті — «Сторификациялау». Яғни, фактілердің кездейсоқ комбинациясын нақты құрылымы, себеп-салдарлығы бар біртұтас оқиғаға айналдыру.

Осы кітаптың арқасында көптеген жаңа ақпарат танып-білдім. Егер, сіздер де болашақта блог жүргізіп, инстаграм парақшасын дамыту ойда болса, онда осы кітап оқуға кеңес беремін. Соның арқасында, оқырман назарын қалай аудару керек екенін, жиналған аудиторияны қалай ұстап тұруға болатынын, сондай-ақ ақпаратты ұтымды қалай қолдануға болатынын біле аласыз.

Оқиғамен расталмаған фактінің еш мәні жоқ па? Әлде фактісіз оқиға жоқ па?

Жақында смм-журналистика пәнінде сторителлингті қарастырдық. Аннет Симмонстың “Сторителлинг. Как использовать силу историй” кітабын оқуға тапсырма берілді. Әрине, барлығымыздың оқуға құштарлығымыз болған жоқ. Әр жолы бір сылтау айтып, созып жүре бердік. Содан кейін кітапті тарауларға бөліп оқуға ұсыныс түсті. Маған үшінші тарау берілді. “В чем история может превзойти факты” деп аталады.

Басында тапсырма болғандықтан өзімді қинап оқуға кірістім. Бірақ бастаған соң бір демде оқып шықтым. Тарау сторителлингтің фактілермен сабақтастығы жайлы. “Егер фактілердің ешкім үшін мағынасы мен маңызы болмаса олар ешкімге де, ештеңеге де әсер ете алмайды”, — дегенді көзім шалды. Осы сөйлемді оқып, түсіне алмадым. Біз үшін, журналистика үшін маңыздысы — факт, дәлел, аргумент. Ақпарат тарату, қоғамды құлақтандыру — біздің міндетіміз. Оқуға түскелі бері фактісіз ештеңені алға тартуға болмайтындығын ойымызға құйып келеді. Сонда бұл сөйлемді қалай түсінеміз? Фактілердің маңызы болмауы мүмкін бе?

Автор оған бірнеше түсінік келтіреді. Егер сіз адамдарға оқиғасыз жалаң «фактілерді» ұсынсаңыз, олар жай ғана сол фактілерді елемейді немесе оларды ескі оқиғаларға сәйкес бұрмалап алады. Нақты фактіні көрсету үшін оны оқиға арқылы жеткізу керек. Бұнымен келісуге болатын сияқты.

Мысал ретінде, бір ғалымның көпшілік алдындағы дәрісін алайық. Барлығы бірден құрғақ фактілер жиынтығы мен қызықсыз ақпараттарды күтеді. Бірақ ғалым дәрісті әңгімеден бастаса, өз хикаясын айтып берсе ше? Тыңдаушылардың көңіл-күйіне әсер етіп, оқиғамен қызықтыра алса, ары қарайғы қозғайтын тақырыбы мүлдем бөлек кейіпке енеді.

Бұдан бөлек, адамның ұсынысынан сыпайы түрде бас тарту жағдайын да алға тартады. Сіздің «иә» деп айтқаныңызды естігісі келетін адамға «жоқ» деп айтпас бұрын, оған сіздің бас тартуыңызды түсінуге көмектесетін оқиғаны айтып беріңіз. Егер әңгіме шынымен жақсы болса, адамдар сіздің «жоқ» дегеніңіз «иә» дегеннен әлдеқайда дұрысырақ екеніне келіседі.
Міне автор осы сынды мысалдарды келтірген. Дегенмен бұл мысалдардан сұрағыма жауап таба алмадым.
Тарау оқиғасыз фактілердің болмайтынын жеткізген. Бірақ, мен бұл жерде керісінше фактісіз, жай ғана мәнсіз оқиғалар жинағын көргендей болдым.

Ал сіз қалай ойлайсыз?
Оқиғасыз факт болмайды ма? Әлде фактісіз оқиға болмайды ма?
Мөлдір Мандыбекқызы