Қарағанды мен Павлодар облыстарының шекарасын өрт шарпыды

Қарағанды мен Павлодар облыстарының шекарасында орын алған дала өрті 3 мың гектардан астам аумақты шарпыды. Бұл өрттің таралуы қыркүйек айының соңына қарай басталып, құрғақ ауа райы мен екпінді жел жағдайды қиындатты. Өрт Павлодар облысының аумағына, атап айтқанда Баянауыл ұлттық паркінің шекарасына дейін жетті, бұл экологиялық және әлеуметтік қауіп тудырды. Өртті сөндіру үшін төрт тікұшақ, 183 адам және 56 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Желтау ауылынан 18 адам, оның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Өртті сөндіру барысында қатты жел мен таулы рельеф өрт сөндірушілерге қиындық туғызды. Өрттен төрт адам күйік алып, Қарағанды қаласына тікұшақпен жеткізілді. Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды бақылауда ұстауда.
Қарағанды облысы,
Шет ауданы,
Босаға жалпы білім
беретін мектебінің
11-сынып оқушысы
Совет Гүлім