Ғашықтар күні:Мөлдір махаббаттың сыры неде?

“Махаббат – от, оған жүрек қалауымен ғана түсуге болады.”
14 ақпан – әлемдегі ең ерекше мерекелердің бірі. Бұл күн махаббаттың, шынайы сезім мен адалдықтың символына айналған.
Махаббат – адам өміріндегі ең асыл сезім. Ол жүректен басталып, жан дүниені нұрға бөлейді. Бірақ нағыз махаббаттың сыры неде? Оның мөлдірлігі мен шынайылығы неден көрінеді?

Ең алдымен, махаббат – адалдық пен сенім. Шынайы сүйген жандар бір-бірін сөзсіз түсініп, қолдайды. Сенімсіз махаббат – тамырсыз ағаш секілді, ол ұзақ өмір сүре алмайды.

Екіншіден, махаббат – құрмет пен қамқорлық. Сүйген жандар бірін-бірі бағалағанда ғана махаббат мәңгілікке айналады. Құрмет жоғалған жерде, сезім де сөне бастайды.

Үшіншіден, махаббат – шыдам мен төзім. Өмір болған соң түрлі қиындықтар кездеседі, бірақ нағыз сезім сол сынақтарға төтеп беріп, одан да берік бола түседі.

Махаббаттың мөлдір болуы – оның шынайылығында. Жалған сезім уақыт өте өшеді, ал шын махаббат жүрек түкпірінде мәңгі қалады. Нағыз махаббат – екі жүректің үндестігі, екі тағдырдың тоғысуы.

Қай дәуірде болмасын, махаббаттың мәні өзгермейді. Ол адамға қанат бітіреді, өмірге шабыт сыйлайды. Сондықтан сүйген жандар сезімдерін қадірлей білсе, махаббаттың оты ешқашан сөнбейді!

Совет Гүлім
11-сынып оқушысы