Қойылым

🎭

Киелі сахнада жүргеніме біраз уақыт болыпты.
Әр қойылым сайын үлкендер бізге сахна жеңілдігін берсін деп бата береді. Көптеген көрермен алдында өнер көрсету оңай емес. Оған ұзақ дайындық керек. Қойылымдағы 5 минуттық сөзің үшін, немесе 3 минуттық биің үшін қанша еңбек пен уақыт кетеді. Соның бәрі сахна алдындағы көрерменнің қошеметі және жан мен тән рахаты үшін. 🤗

02.02.2024 03.02.2024 2 күн қатарынан Мұхтар Шахановтың “Танакөз” поэмасын сахналадық. Шығарманың негізгі арқауы-достық пен махаббат. Шынайы достық пен пәк сезімнің айқын көрінісі. Тойдың боларынан боладысы қызық дегендей бізге дайындық кездері сондай ыстық. Бір-бірімізді шынайы танып, достығымыз одан сайын берік бола бастайды.🥰🫶

Бұл қойылым “Шаңырақ” театрының тарихына жаңа леп, жаңа мүмкіндіктер алып келді. Режиссеріміз Бағдат Әшімнің тапқырлығының арқасында бұл қойылым көрерменнің ыстық ықыласымен қошеметіне ие болды.👏