Цифрлық дәуірде ақпарат қауіпсіздігі: Жастардың рөлі
Қазіргі заманда цифрлық технологиялар адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Интернеттің кеңеюі ақпарат алмасуды жеңілдеткенімен, киберқауіптер мен дербес мәліметтердің ұрлану қаупін де арттырды. Цифрлық қауіпсіздік мәселесі әсіресе жастар арасында өзекті, өйткені олар интернетті ең белсенді қолданушылардың бірі. Алайда көптеген жастар жеке деректерін қорғауға жеткілікті мән бермейді немесе ақпараттық қауіпсіздік туралы терең білімге ие емес. Әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар, аккаунттардың бұзылуы мұның барлығы білімсіздіктен туындайтын проблемалар. Бұл мақалада интернет алаяқтықтары, ақпараттық қауіпсіздік құралдары және жастардың саналы цифрлық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.
Цифрлық дәуірде интернет арқылы жасалатын алаяқтықтардың саны күн санап артып келеді. Статистика бойынша 2024 жылы интернет-алаяқтар 11765 адамды алдап 18,2 миллиард теңгені иемденіп кеткен. Кибералаяқтық– ең кең тараған әдістердің бірі. Бұл тәсілде алаяқтар жалған веб-сайттар немесе электронды хаттар арқылы пайдаланушылардың құпиясөздері мен банк карталары туралы ақпаратын алдап біліп алады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде аккаунттарды бұзу, жеке хабарламаларды оқып, оларды бопсалау жағдайлары жиі кездеседі. Жеке мәліметтердің ұрлануы да үлкен мәселе. Көптеген жастар өздерінің жеке ақпаратын ашық қалдыруы мүмкін, мысалы туған күні, мекенжайы, тіпті банк карталарының мәліметтері кейбір сайттарға тіркелгенде енгізіледі. Бұл ақпарат киберқылмыскерлер үшін оңай олжаға айналады. Сондықтан жастар ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын білуі және оларды күнделікті қолдануы қажет. Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау үшін әрбір адам белгілі бір құралдар мен тәсілдерді пайдалануы керек. Қазіргі таңда жастардың көпшілігі күрделі құпиясөздер жасау, VPN және антивирустық бағдарламалар қолдану сияқты әдістерді пайдаланады. Бірақ бұл тәсілдер барлық жастарға тән емес. Көп жағдайда олар жеңіл әрі есте сақтауға оңай құпиясөздерді таңдайды, алаяқтық сайттарға сеніп, өздерінің деректерін өз еркімен береді. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздікті сақтау үшін әрбір жастар білуі және қолдануы тиіс негізгі ережелер мыналар:
•Күрделі құпиясөздер қолданып, оларды жиі өзгерту.
•Бөгде адамдарға жеке мәліметтерді бермеу.
•Күмәнді сілтемелер мен электрондық хаттарға сақтықпен қарау.
•Тексерілмеген Wi-Fi желілеріне қосылмау. Ақпараттық қауіпсіздікке қатысты білім алу және сауаттылығын арттыру жастар үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Көптеген жастар цифрлық қауіпсіздік туралы ақпаратты интернеттен, блогтар мен әлеуметтік желілерден ала салуына да болар еді, бірақ мұндай дереккөздер әрдайым сенімді бола бермейді. Сол үшінде ақпараттық сауаттылықты және қауіпсіздікті арттыру мақсатында бірнеше ұсыныстарым бар:
•Мемлекеттік деңгейде киберқауіпсіздікке қатысты білім беру бағдарламалары әзірленуі қажет.
•Жастарға арналған семинарлар мен вебинарлардың өткізілуі. Бұл мектептер мен жоғары оқу орындарында ұйымдастырылуы керек.
•Бұл жерде ақпараттық қауіпсіздік жөнінде интерактивті оқыту платформаларын дамыту маңызды. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер киберқауіпсіздікті күшейту бағытында шаралар қабылдауда.Соның бірі Қазақстан да бұл салаға ерекше көңіл бөлуде. 2017 жылы бекітілген «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы интернеттегі қауіпсіздікке ерекше назар аударған. Жастар өз кезегінде қоғамдық ұйымдар мен жобаларға белсенді қатысып, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін көтере алады. Киберқауіптер туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу, арнайы форумдар ұйымдастыру, цифрлық мәдениетті қалыптастыру – жастардың негізгі міндеттерінің бірі болып бекітілді.
Қорытындындылай келе айтарым, жастар – цифрлық дәуірдің негізгі қозғаушы күші. Олардың интернетте өзін қалай ұстайтыны, қандай қауіпсіздік шараларын қолданатыны болашақ қоғамның цифрлық тұрақтылығына әсер етеді. Қауіпсіз интернет мәдениетін қалыптастыру үшін жастар өздерінің ақпараттық сауаттылығын арттырып, қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Сонымен қатар, мектептер мен жоғары оқу орындары бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп, жастарға ақпараттық қауіпсіздік негіздерін үйретуі керек. Цифрлық қауіпсіздік тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның мәселесі. Яғни мемлекет пен білім беру орындары бұл бағытта жастарды қолдап, киберқауіпсіздік мәдениетін дамытуға ықпал етуі қажет деп білемін. Егер жастар бұл ретте белсенді болса, онда интернеттегі қауіпсіздік деңгейі жоғарылап, цифрлық кеңістіктегі қауіп-қатерлер азаяды. Сондықтан әрбір жас өз ақпараттық қауіпсіздігін сақтауды үйренуі және оны басқаларға да үйретуі қажет. Уинстон Черчилль айтқандай “Өз сана-сезіміңізді өзгерте отырып, сіз өз әлеміңізді жасайсыз” Демек әрбір жас буын саналы түрде цифрлық сауаттылықты, қауіпсіздікті сақтайтын болса, болашақта бұл мәселе туындамайтынына еш күмәнім жоқ.