Шабыттың мәні қандай?
Шабыт – адамға шығармашылық идеялар, ойлар және сезімдер толқынын тудыратын ерекше күй. Шабыт кезінде адам шығармашылыққа, өнерге, жазуға, ғылымға немесе кез келген басқа іс-әрекетке ерекше ынта және құлшыныспен беріледі. Бұл күйде адам шығармашылық процесті жеңіл, еркін және өнімді сезінеді, жаңа ойлар мен шешімдер тез туындайды. Бүгінгі күні бізге танымал көптеген заттар белгілі бір шабыттың нәтижесі деп түсінуге болады. Соның ішінде әлемге әйгілі кино туындылар, романдар, суреттер, киім үлгілері және т. б.
Шабыт әр адамға әртүрлі жолмен келеді. Біреуге шабыт табиғатта болып жатқан сан түрлі құбылыстар немесе махаббат, бақыт сияқты ішкі сезімдер арқылы келсе, ал кейбіреулерге шабыт үшін «музаның» болғаны да жеткілікті. Сонымен қатар, шабыт материалды зат болмағандықтан, ол адамға күтпеген, ойламаған жерден келеді. Егер адам шабыт келген сәтті дұрыс пайдалана алса, ол әлемді жақсы жаққа өзгертуге септігін тигізетін, шығармашылық ғана емес, ғылым, сән және тағы да басқа салаларды дамытуы мүмкін.
Мысалы, әлемге танымал «Harry Potter» романдар сериясының идеясы да шабытпен байланысты. Роман авторы Дж.К.Роулинг 1990 жылы маусымда, Лондонға бара жатқан пойыз жолда бұзылып, ағылшын даласында 4 сағат бойы тоқтап тұрған кезде роман идеясы пайда болған. Дж.К.Роулинг пойыз терезесінен табиғатқа қарап тұрған сәтте, оның басына роман идеясы келді. Кейін «Гарри Поттердің бейнесі кенеттен пайда болды. Идеяның қалай пайда болғанын өзім де білмеймін. Бірақ, мен Гарриді және сиқыршылар мектебін анық елестеттім. Содан кейін, сиқыршылар мектебіне шақыру алғанша өзінің кім екенін білмейтін, сиқыршы екенін түсінбейтін бала туралы әңгіме идеясы туды. Ешбір идея мені соншалықты шабыттандырған емес» деген пікір білдірген.
Осылайша, өмірде болып жатқан құбылыстар, кездестірген адамдар, сезінген эмоцияның арқасында шабыт келеді. Дүкен Мәсімханұлы: «Шабыт деген – ол идея. Идея – дүниені қозғаушы күш. Егер озық идеялар болмаса адамзаттың бүгінгі өркениетті қоғамы да болмаған болар еді.» — демекші, шабыт адамның жаңа дүние ойлап табуына ықпал ететін ғаламат күш, ал ең бастысы – ғаламат идея!