Қазақ және егеуқұйрық эксперименті

Садистік негізде құрылған бір эксперимент айтып берейін. Он бөшкенің әрқайсысына он егеуқұйрықтан қамап, бірнеше апта тамақ бермей қояды. Әбден ашыққан егеуқұйрықтар амалсыздан бір-бірінің етін жей бастайды. Бір-бірінің әлсірген, қалғып кеткен сәтін аңдып, жанды жерінен өткір тістерімен орады да, қалғандары таласып жеп алады. Солай он бөшкеден жеңімпаз болған бір-бір егеуқұйрық қалады.
Жеңімпаздарды босатып, еркіндікке жібергенде, олар бұрыңғы жеп жүрген тамақтарына қарай алмай, тек өз қандастарын ғана жетйін қаныпезерге айналады. Солай он егеуқұйрық мыңдаған егеуқұйрықтың жанын алады.
Бұнымен не айтқым келеді? Ғалымдар ойлап тапқан егеуқұйрықтарды егеуқұйрықтар арқылы жоятын бұл тәсіл бізге де жасалған. Кеңес Одағы кезінде қазақты, қырғызды, өзбекті, эстонды, тәжікті, бурятты, украинды, татарды, тағы басқа ұлттарды жоюдың басты құралына айналған еді. Қалай дейсіз ғой? Өзінің ішінен шыққан басынан бақайшағына дейін орыстанған өз космополиттерді салып орыстандыру жүргізу.
Билік басына ұлттық тамырынан ажыраған адамдарды қою, ана тілін менсінбейтін мемлекеттік қызметкерлер, өзінің ұлттық құндылығынан айырылғандардың барлығы, осы тұрғыдан алғанда – қауіпті.