“Казахстанская правда” газеті әлеуметтік медиада ақпаратты қалай таратады?

Бүгін мен сіздерге танымал «Казахстанская правда» газетінің әлеуметтік желілерде ақпаратты таратуда қандай жолдар қолданатынын көрсеткім келеді.

1) Газет Instagram (kazpravda.kz), Telegram (kazpravda_kz), YouTube («Казахстанская правда»), Facebook («Казахстанская правда») сияқты әртүрлі әлеуметтік платформаларда тіркелген.

2)Графикалық мазмұн және интерактивті элементтер: газет мазмұнды тартымды және оқуды жеңілдету үшін қызықты суреттерді, графиканы және бейнелерді пайдаланады. Олар сонымен қатар reels-тер мен YouTube shorts-тар арқылы ақпаратты репортаждар түсірумен және азаматтармен сауалнама жүргізумен ерекшеленеді.

3)Фоторепортаждар: Казахстанская правданың Instagram желісіне кірсеңіз, олардың фоторепортаждары бар “актуальныйды” байқауға болады. Олар журналистиканың бұл әдісін оқиғалар, орындар, адамдар немесе тақырыптар туралы хабарлау үшін пайдаланады.

4)Instagram Stories: Газет ақпаратты тарату үшін осы функцияны пайдаланып мақалаларды демалыссыз жариялайды. Дегенмен, олар тек қызықты тақырып пен жаңалықтың кысқаша бөлігін жазады, содан кейін ресми сайтқа сілтеме қалдырады.

5) Серіктестік және қарым-қатынастық: «Казахстанская правда» газеті басқа БАҚ өкілдерімен және танымал адамдармен қарым-қатынасып отырады. Мысалы, «Ұлы Дала» РҚБ президенті Ақмарал Бермұзаева өз парақшасында жаңалықтардың сілтемелерімен жиі бөлісіп, газетаның жұмысын жоғары бағалап отырады. Atameken.news да мақалаларды жариялап, халықты сенімді ақпаратты оқуға шақырады.

Қорытындылай келе, «Казахстанская правда» әлеуметтік желілерде ақпарат тарату әдістерін өте жақсы пайдаланады деп айта аламын. Дегенмен, оларға аудиториямен өзара әрекеттесу, яғни халықтың пікірлеріне толық жауап қайтару жетіспейді.

"Деловая неделя" газетіне smart мақсат

Specific – нақты

Мақсатты аудиторияңызды қызықтыратын ақпаратты, соның ішінде өзекті жаңалықтарды, аналитиканы және эксклюзивті материалдарды жариялау; пікірлерге жауап беру, сұрақтар қою, сауалнамалар жүргізу( өзара әрекеттесу тәуелділікті тудырады және белсенділік деңгейін арттырады). Мазмұнды тартымды ету үшін сапалы кескіндерді, графиканы және бейнелерді пайдалану; аудиторияны ілгерілету және кеңейту үшін, басқа медиа және бизнес тіркелгілерімен байланысу қажет; оқырмандардың назарын аудару үшін тұрақты жариялау кестесін сақтау; мазмұнның қай түрлері ең сәтті екенін түсіну үшін аналитиканы қадағалау және уақыт өте келе стратегияны бейімдеу; оқырмандардың назарын аудара алатын тартымды тақырыптар қолдану; оқырмандардан кері байланыс сұрау және оларды контентті жақсартуға пайдалану.
Measurable – өлшеу
Жазылушылар санын 1000-ға көбейту; белсенділікті арттыру (орта есеппен 500-600 лайк, 50-100 пікір алу)
Achievable – қолжетімді
Қызықты, өзекті және құнды ақпарат беру мақсатқа жетуге көмектеседі; контентті мақсатты аудиторияның мүдделері мен қажеттіліктеріне бейімдеу назар аудару мүмкіндігін арттырады; дұрыс таңдалған хэштегтер жарияланымдардың көрінуін арттыруға көмектеседі. Тұрақты емес жарияланымдар, есепке алынбаған шолулар мен пікірлер мақсатқа жетуге кедергі келтіруі мүмкін.
Relevant – маңызды
Әлеуметтік медианы тиімді пайдалана отырып, оқырмандар арасында жақсы пікір қалыптастыру арқылы газет брендін нығайтуға көмектеседі; әлеуметтік желілерді белсенді жүргізу медиа ортада маңызды болып табылатын өзекті жаңалықтар мен ақпаратты жылдам таратуға мүмкіндік береді; әлеуметтік желілерде болу оқырман сенімін арттыруға және басылымның беделін нығайтуға көмектеседі.
Time-bound – белгілі бір уақытта
«Деловая неделя» газетінің әлеуметтік желідегі танымалдылығын арттыру үшін 3 ай қажет.