Экологияға деген адамдардың қарым- қатынасы

Экологиялық мәселелер туралы хабардар халық саны: Статистика бойынша жер шары халқының 90%-дан астамы климаттың өзгеруі, су мен ауаның ластануы, биологиялық өзгерістер сияқты экологиялық проблемалардың маңыздылығын біледі екен.

Қоқысты бөлу: Ел халқының 60%-ға жуығы қалдықтарды бөлу бағдарламасына белсенді қатысады. GlobalWeblndex -тің мәліметі бойынша әлемде интернет қолданушылардың 42%-ы қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу мәселелеріне белсенді қызығушылық танытады.

Күнделікті қоршаған ортаны қорғау шаралары:
Тұтынушылардың 70%-дан астамы өз өндірісінде экологиялық тәжірибені енгізетін компаниялардың өнімдерін сатып алғанды жөн көреді. Тұтынушылардың шамамен 80%-ы экологиялық және әлеуметтік стандарттарды ескере отырып, өндірілген өнімдер үшін көбірек төлеуге дайын.

Тұтынушылардың шамамен 80%-ы экологиялық және әлеуметтік стандарттарды ескере отырып, өндірілген өнімдер үшін көбірек төлеуге дайын.

Экологиялық бастамалардың танымалдылығы:
Nilsen мәліметтері бойынша, дүние жүзіндегі тұтынушылардың 55%-дан астамы экологиялық бастамаларды белсенді түрде жүзеге асыратын брендтерді қолдауға дайын.

Экологиялық таза көліктерді пайдалану:

Көміртегі шығындарын азайту үшін көбірек адамдар қоғамдық көліктерге, велосипедтерге және электр көліктеріне
жүгінеді.

Бұл статистика адамдардың экологиялық мәселелерге белсенді қатысуы мен одан хабардар екенін көрсетеді. Қоршаған ортаны құрметтеу көптеген адамдар үшін күнделікті өмірдің маңызды аспектісіне айналуда. Бұл
қуантарлық жағдай.

Бізде экологиялық сана қалыптаспаған. ?‍?

Оны дамыту — табиғатты сақтауда маңызды рөл атқарады. Тек бұл жолда көптеген қиындық бар🌀

Күрделі мәселенің бірі — қоқыс 🗑️
Олардың дұрыс өңделмеуі суды, топырақты, ауаны ластап жергілікті фауна мен флораға зиян келтіретінін бәріміз білеміз✅
Қалдықтарды басқару, бөлу және қайта пайдалану қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуда және экожүйенің тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады деген сөздерді де жиі естіген боларсыз? Тек осы мәселені шешу үшін өз үлесімізді қосып жатырмыз ба❓деген сұрақ мазалайды.

Қалдықтардың көптеген түрлерін қайта өңдеуге болады. ♻️
Әртүрлі қоқыс жинайтын контейнерлер осы қалдықтарды тиімді жоюға көмектеседі. Десек те әлі күнге дейін осы бастама жоғары деңгейде қарастырылмай отыр.
Біз барлық қоқысты бір контейнерге тастаймыз. Тұрмыстық қалдықтар мен қайта өңдеуге жарамды қалдықтар бірнеше күн бойы бір контейнерде жатып араласып, зауытқа жеткен кезде өңдеу қиынға түседі. 🌪️

Сол себепті де қоқысты бөліп жинауды дағдыға айналдырған жөн. Ол үшін, алдымен, сұрыптайтын жәшіктерді көптеп қолданысқа енгізу қажет. Бұндай жәшіктер барлық жерде бола бермейді. Бар болған күннің өзінде де, дұрыс қолданылмайды. Табиғатқа шын жаны ашитын адам ғана оларға көңіл бөледі. Ал егер қоқыс уақытылы жиналмай, контейнерлер толып тұрған болса, оны жай ғана жерге жәшіктердің қасына тастап кеткеннен басқа шара жоқ… 🫠

Бұдан бөлек, менің көңілімді аудартқан тағы бір дүние — жәшіктердің түсі. 🔴🔵🟢🟡

Адамдар қай жәшіктің қандай қалдыққа арналғанын білмейді. Әрине, кей уақытта олардың сыртында арнайы суреті немесе жазуы болады. Тек әр қалдыққа арналған жәшіктің нақты түсі жоқ. Бір жерде пластикке арналған контейнер көк түсті болса, енді біреуінде сары түсті болуы мүмкін. Осының кесірінен де, ешкім қандай қалдықты қай жәшікке салатынына бас қатырмайтын секілді. Әйтеуір, қайсысына лақтыру ыңғайлы, соған кез келген қоқысты тастай салады. Экологиялық сананың қалыптаспағандығының бір дәлелі осы…

Ал шетелде қоқысты бөлек жинау әлдеқайда дамыған. ⬆️
Швеция әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің біріне ие. Шамамен 2️⃣0️⃣ жыл бұрын ел полигондардан бас тартыпты. Оларда барлығы үйдегі қалдықтарды бөлек жинаудан басталады. Асүйді жобалау кезінде шведтер қоқыстардың әрбір түрі үшін алты контейнерге арналған орынды алдын-ала ұйымдастырады екен. Содан кейін қоқыс тиісті жәшіктеріне апарылады. Бұл қалдықтар кейін қайта өңдеуге жіберіліп, қайта пайдаланылады. Қалдықтардың әр түрі бөлек күнде жиналады. Көше қоқыс жәшіктері автоматтандырылған: олар қалдықтарды сорып алып, қайта өңдеуге немесе өртеу үшін жер асты каналдары арқылы жіберіледі.

📍Тіпті балабақшалар мен мектептерде қалдықтарды қалай сұрыптау керектігі туралы мультфильмдер түсіріліп, жарнамалық роликтер мен бейнематериалдарда «Panta mera» (швед тілінде «көбірек қайта өңдеу») ұраны жиі естіледі. Сондықтан, Швецияда тіпті 3️⃣ жасар бала 🚼 қандай қоқысты қайда тастау керектігін біледі))))

Яғни, қалдықтардың көп бөлігін қайта өңдеу әбден мүмкін, тіпті тиімді екені белгілі болды. Тек билік, өндірушілер және, әрине, тұрғындардың өздері аздап 🤏 күш салуы керек.

Экология үшін қоқысты жүйелі түрде басқарудың маңызын жеткізетін акциялар мен қызықты бейнероликтер, түсіндірме жұмыстары жүріп отырса тіптен керемет болар еді❗️

Аманатқа қиянат!

Жалпы соңғы онжылдықта ел ауаның ластануы, ормандардың жойылуы және жануарлардың көзден ғайып болуы сияқты бірқатар маңызды экологиялық мәселелерге тап болды.

Қазақстандағы экологиялық проблема: Арал теңізін құтқару үшін күрес. Бұл аңыз теңіздің құрғауы қазіргі экологияның ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Адам қызметінің жойқын әсері, соның ішінде ауыл шаруашылығын суару, аймақтың экожүйесіне ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, Арал теңізінің тартылуына әкелді. Тепе-теңдікті қалпына келтіруге және табиғатты қорғауға бағытталған күш дереу назар аударуды және келісілген халықаралық жігерді қажет етеді.

Қорытындылай келе, кезінде барша халықты балықпен қамтамасыз еткен теңіздің, қазіргі таңда назарсыз қалып отырғаны қынжылтады. Қоғам мен Үкіметтің қатысуымен табиғат пен адам үйлесімді болатын тұрақты болашаққа қадамдар жасауға болатындай.

Табиғат адамзатқа берілген аманат қой. Қазақты үлкендер кішкентайынан аманатқа қиянат жасама деп үйретпеуші ме еді?

Экология: Карантинге дейін және кейін

Экология: Карантинге дейін және кейін

Экологиялық проблемалар әрқашан қоғамның назарын аударады, бірақ COVID-19 індеті әлемнің экологиялық болмысына өзгерістер енгізді. Карантиндік шаралар енгізілгенге дейін және одан кейін экология саласында қандай өзгерістер болғанын қарастырсақ.

Карантин алдында: Карантин басталғанға дейін экологиялық жағдай күрделі күйінде қалды. Ауа мен судың ластануы, ормандардың жойылуы, табиғи ресурстардың сарқылуы – осы мәселелердің барлығы шұғыл шешімдерді талап етті. Түрлі халықаралық келісімдер мен бастамалардың болуына қарамастан, экологиялық проблемаларды шешу баяу және кейде жеткіліксіз болып қалды.

Карантиннен кейін: Карантиндік шаралардың енгізілуі экологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне әкелді. Бизнестердің жабылуы, көлік қозғалысының қысқаруы және өнеркәсіптік белсенділіктің төмендеуі ауа мен су сапасына әсер етті. Кейбір жерлерде ауа сапасының айтарлықтай жақсаруы, парниктік газдардың азаюы және экожүйелердің қалпына келуі байқалды.

Сонымен қатар карантин табиғаттың адам денсаулығы үшін қаншалықты маңызды екенін ойлануға мүмкіндік берді. Көптеген адамдар өздерінің табиғатпен байланысын көбірек бағалай бастады және экологиялық жауапкершілікті өмір салтының бір бөлшегіне айналдыруда.

Қазір экологиялық проблемалар мен оларды шешу мүмкіндіктерін қайта қарастыратын уақыт келді. Шешуші шаралар қолданылса, экологиялық жағдайды өзгертуге болатыны анық.

Сайып келгенде, карантинге дейінгі және одан кейінгі экология екі түрлі кезең, бірақ оларды салыстыру бәріміз үшін сау, тұрақты ортаны құру мен қандай қадамдар жасау керектігін жақсы түсінуге көмектеседі.

Экологияға қандай зияным бар?

Бұл туралы бір рет болсын ойланып көрдіңіз бе? Ал пайдаңыз ше? Сіз табиғатсыз тіршілік ете алмайтын адам ретінде қайтарым есебінде не беріп жатырсыз?

Қоғамның ой-пікірі әрқашан маңызды. Бір адам — бір қоғамның айнасы. Экология тақырыбында сауалнама алдым. Статистиканы көру үшін карусельді жылжытыңыз.

Қиындық туғызбас үшін жауап беруге жеңіл 6 сұрақ қойылды.

1. Сіз қоқысты сұрыптайсыз ба? 66,7%-ы “Жоқ”, 33,3%-ы “Иә” деп жауап берді.

2. Қалай ойлайсыз, неліктен қоқысты сұрыптау маңызды? Көпшілігі “қоқысты қайта өңдеу үшін” деп жауап берген.

3. Суды үнемдейсіз бе? 33,3%-ы “Жоқ”, 66,7%-ы “Иә” деп жауап берді.

4. Үйде суды қалай үнемдеуге болады? “Ыдыс жуғанда барынша аз қолданамын. Тісімді ысқанда суды өшіріп қоямын”, “Үйде суды үнемдеуге тырысамын, көп ағызбаймын” деген жауаптар келді.

5. Экологияны сақтау үшін қоғамға қандай пайда берудесіз? Адамдар екі топқа бөлінді: бірі қоқыс сұрыптайды, суды үнемдейді, қоқыс шашпайды. Бірі пайдам мүлдем жоқ депті.

6. Экологияға қандай зиян келтірудесіз? Барлығы зиян тигізетінін мойындаған. Жауаптарын оқымай-ақ түсінікті.

Енді сізге сұрақ, экологияны сақтау үшін адамзат не істеу қажет?

Егер суды үнемдемесек, 10 жылдан кейін не болады?

Су-өмір көзі. Бірақ егер біз оны ойланбастан жұмсай берсек не болады? 10 жылдан кейін біздің планетамызды бір сәтке елестетіп көрейік:

1. Ауыз судың жетіспеушілігі: миллиондаған адамдар қазірдің өзінде таза суға қол жеткізе алмайды. Бұл сан күрт артып, одан да көп адамдарды өмірлік ресурстарсыз қалдырады.

2. Бағаның өсуі: тапшылықтың салдарынан судың бағасы көтеріліп, оны халықтың кедей топтарына қол жетімсіз етеді.

3. Ауыл шаруашылығына қауіп: азық-түлік өсіру үшін су қажет. Оның жетіспеушілігі егіннің азаюына, азық-түлік бағасының өсуіне және аштыққа әкеледі.

4. Жанжал қаупін арттыру: су ресурстарына қол жеткізу үшін күрес әлеуметтік шиеленістер мен қақтығыстарға әкелуі мүмкін.

5. Түрлердің жойылуы: көптеген экожүйелер мен суға тәуелді түрлер жойылып, биоәртүрлілік пен табиғат тепе-теңдігіне теріс әсер етеді.

Бұл қараңғы болашақтың алдын алуға болады. Біздің әрқайсымыз қарапайым әрекеттер арқылы өзгерістер енгізуге күшіміз бар: тіс тазалау кезінде шүмекті жабыңыз, ваннаның орнына душ қолданыңыз, өсімдіктерді суару үшін жаңбыр суын жинаңыз.

Бірге біз судың әр тамшысын сақтай отырып, болашақты өзгерте аламыз. 10 жылдан кейін біздің әлем жасыл, гүлденген және өмірге толы болып қалуы үшін қазір әрекет етейік. 💦🌱

#Суүнемдеу #Экология #қазірәрекетет

Тоқтап ойланатын кез келді

Күнделікті өмірде, теледидарда, радиода «Экология өзгеріп жатыр, экологиялық жүйе бұзылды...» деген сөздер қаншалықты жиі естіледі? Экология дегеніміз не?

Иә, біз оны жиі байқамай, түсінбей жатсақ та, біз онымен тығыз байланыстамыз. Бастапқыда адамның және өндірістік факторлардың әрекеті соншалықты жаппай және агрессивті болмаған кезде, адам және бүкіл өсімдіктер мен жануарлар дүниесі біртұтас, үйлесімді жүйе болды. Өз өмірін жақсартуға тырысқан адам, қалыптасқан құрылымға байқаусызда кедергі келтірді. Жасанды экожүйелер пайда болды, олар миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан табиғат заңдарына қайшы келе бастады.

«Табиғатты жеңеміз» ұраны басым болғанымен, Еуропаның көп бөлігін қамтитын ормандар жоқ, тропикалық ормандар бұрынғы күйде емес. Адамзат көмірді, мұнайды, газды және басқа да пайдалы қазбаларды игеру мен пайдаланудан дами бастады. Ғасырлар бойы жер қойнауында жинақталғанның бәрі тез қазылып, өртеніп, өңделуде. Тазаланбаған қалдықтардың көп мөлшері атмосфераға шығарылып, ауаны, өзендерді, теңіздерді ластап жатыр.

Адамзаттың алдында қауіпті мәселе тұр: қоршаған ортаның өзгеруі халықтың денсаулығына қалай әсер етеді және қандай балалар дүниеге келеді? Қарапайым отбасының шежіресін жай ғана бақылай отырып, біздің ата-бабаларымыздың физикалық денсаулығына қатысты еш күмән болмайды.

Табиғат адамнан күшті және ол қарсылық көрсетуде — кенеттен климаттың өзгеруі, су тасқыны немесе құрғақшылық, дауылдар, қалаларды түтін басып жатуы. Экологиялық жағдайды қорғауға бағытталған бірқатар қозғалыстар бар. Бүгіннің өзінде қанша экологтар баршамызды болашақтағы мәселеге дайындауда. Бір қоқысты сұраптаудың өзі қанша көмек әкеледі.

Тоқтап ойланатын кез келді.