Шолпы-сұлулықтың сыңғыры

Қазақ қыздарының көркін ашып, сәнін келтіретін ерекше әшекейдің бірі – шолпы. Ол тек сәндік бұйым ғана емес, қыз баланың тәрбиесі мен мәдениетін айқындайтын маңызды жәдігер. «Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» дегендей, қыздардың ұзын өрілген шашына тағылған күміс шолпы олардың нәзіктігін айшықтай түскен.
Шолпы тек әшекей ғана емес, ерекше мағынаға ие болған. Біріншіден, оның әсем сыңғыры қыз баланың жүрісін түзеп, оның сыпайы әрі әдемі қозғалуына көмектескен. Екіншіден, күміс шолпының сыңғыры жын-шайтаннан қорғайды деп сенген. «Қыз өссе – елдің көркі» демекші, бойжеткеннің шашындағы шолпы оның жастықтың, сұлулықтың символы болғанын көрсеткен.
Шолпының сан алуан түрі бар: кейбірі бірнеше күміс теңгелерден жасалса, енді бірінде асыл тастар орнатылған. Қыз баланың жасына қарай шолпының салмағы да өзгеріп отырған. Өрімтал қыздарға жеңіл шолпы тағылса, бойжеткен қыздардың шолпысы ауырлау, салтанатты болған.
Бүгінде шолпы көбіне ұлттық киімнің сәндік элементі ретінде ғана сақталған. Дегенмен, бұл әшекей халқымыздың мәдени мұрасы, қазақ қызының нәзіктігі мен әдемілігінің белгісі ретінде әрқашан бағалы болып қала береді.
Совет Гүлім
11-сынып оқушысы