Домбыра

Домбыра
«Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра!»
Жеткізерсің бар ғажапты, болса-дағы дабыра.
Қыл кесердей сөзден асыл күйімен
Жаралайтын, емдейтін де домбыра.
Бабам әні, бабам жыры болғансың,
Әр заманда биік тұғыр боларсың.
Кеудеңе бір мұң мен зарды жиып ап
Қолыма алсам, күмбір етіп туларсың.
Дүрілдейсің, дүбірлейсің, асылым,
Тұнған өнер, жан жолдасым, батырым.
Үнің тәтті, керек болса ең ащы,
Шер төгісіп, сырласатын жақыным.
Бабамдайсың, атамдайсың ардақты,
Ән салдырып, шырқатасың жан-жақты.
Ұранысың, ұлысысың халқымның
Ұқсатамын сені Абайға салмақты.
Жыр бастауы, жыр атасы өзіңсің,
Сенсіз өмір қаралы күн, білсең шын.
Қара түнді жарық етер сен дағы,
Жарық күнді құлазытар өзіңсің!

Мөлдір Мандыбекқызы

Ұмыт қалған үкіаяқ ???

Қазақ үшін киелі саналатын үкінің қауырысыны ғана емес, тырнағы да кеңінен қолданылған. Қасиетті үкінің тырнағы жын-шайтаннан, көз тиюден, жаман тылсым күштерде қорғаушы ретінде тұмар болып тағылған. Осындай наным-сенімдерден пайда болған үкіаяқ қазақ қыз-келіншектерінің сүйікті және кеңінен қолдыналатын бұйымдарына айналған. Құстарды оның ішінде үкіні қастерлейген қазақ халықына тән бұйым, Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерінде кең тараған. Әсіресе Арқа, Торғай аймақтарында жиі кездеседі, солтүстік зергерлік мектебінің айқын туындыларының бірі. Үкі аяқты жасау үшін екі тырнағы екі жаққа қарата күміспен дәнекерлете біріктіреді. Төменгі жағына сөлкебай-теңгелер, тасты көздер, маржан-моншақтар, күміс қоңыраулар ілінеді. Ерекше әшекей тұмар болғандықтан бесікке, баланың кеудешесіне, бойжеткен қыздардың тақиясына, қалыңдықтын сәуелесіне, келіншектердің кимешегіне немесе мойынына тағылған. Ұмыт қалған үкіаяқты жаңғыртып тағып жүрсек қалай болады?

Бізде экологиялық сана қалыптаспаған. ?‍?

Оны дамыту — табиғатты сақтауда маңызды рөл атқарады. Тек бұл жолда көптеген қиындық бар🌀

Күрделі мәселенің бірі — қоқыс 🗑️
Олардың дұрыс өңделмеуі суды, топырақты, ауаны ластап жергілікті фауна мен флораға зиян келтіретінін бәріміз білеміз✅
Қалдықтарды басқару, бөлу және қайта пайдалану қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуда және экожүйенің тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады деген сөздерді де жиі естіген боларсыз? Тек осы мәселені шешу үшін өз үлесімізді қосып жатырмыз ба❓деген сұрақ мазалайды.

Қалдықтардың көптеген түрлерін қайта өңдеуге болады. ♻️
Әртүрлі қоқыс жинайтын контейнерлер осы қалдықтарды тиімді жоюға көмектеседі. Десек те әлі күнге дейін осы бастама жоғары деңгейде қарастырылмай отыр.
Біз барлық қоқысты бір контейнерге тастаймыз. Тұрмыстық қалдықтар мен қайта өңдеуге жарамды қалдықтар бірнеше күн бойы бір контейнерде жатып араласып, зауытқа жеткен кезде өңдеу қиынға түседі. 🌪️

Сол себепті де қоқысты бөліп жинауды дағдыға айналдырған жөн. Ол үшін, алдымен, сұрыптайтын жәшіктерді көптеп қолданысқа енгізу қажет. Бұндай жәшіктер барлық жерде бола бермейді. Бар болған күннің өзінде де, дұрыс қолданылмайды. Табиғатқа шын жаны ашитын адам ғана оларға көңіл бөледі. Ал егер қоқыс уақытылы жиналмай, контейнерлер толып тұрған болса, оны жай ғана жерге жәшіктердің қасына тастап кеткеннен басқа шара жоқ… 🫠

Бұдан бөлек, менің көңілімді аудартқан тағы бір дүние — жәшіктердің түсі. 🔴🔵🟢🟡

Адамдар қай жәшіктің қандай қалдыққа арналғанын білмейді. Әрине, кей уақытта олардың сыртында арнайы суреті немесе жазуы болады. Тек әр қалдыққа арналған жәшіктің нақты түсі жоқ. Бір жерде пластикке арналған контейнер көк түсті болса, енді біреуінде сары түсті болуы мүмкін. Осының кесірінен де, ешкім қандай қалдықты қай жәшікке салатынына бас қатырмайтын секілді. Әйтеуір, қайсысына лақтыру ыңғайлы, соған кез келген қоқысты тастай салады. Экологиялық сананың қалыптаспағандығының бір дәлелі осы…

Ал шетелде қоқысты бөлек жинау әлдеқайда дамыған. ⬆️
Швеция әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің біріне ие. Шамамен 2️⃣0️⃣ жыл бұрын ел полигондардан бас тартыпты. Оларда барлығы үйдегі қалдықтарды бөлек жинаудан басталады. Асүйді жобалау кезінде шведтер қоқыстардың әрбір түрі үшін алты контейнерге арналған орынды алдын-ала ұйымдастырады екен. Содан кейін қоқыс тиісті жәшіктеріне апарылады. Бұл қалдықтар кейін қайта өңдеуге жіберіліп, қайта пайдаланылады. Қалдықтардың әр түрі бөлек күнде жиналады. Көше қоқыс жәшіктері автоматтандырылған: олар қалдықтарды сорып алып, қайта өңдеуге немесе өртеу үшін жер асты каналдары арқылы жіберіледі.

📍Тіпті балабақшалар мен мектептерде қалдықтарды қалай сұрыптау керектігі туралы мультфильмдер түсіріліп, жарнамалық роликтер мен бейнематериалдарда «Panta mera» (швед тілінде «көбірек қайта өңдеу») ұраны жиі естіледі. Сондықтан, Швецияда тіпті 3️⃣ жасар бала 🚼 қандай қоқысты қайда тастау керектігін біледі))))

Яғни, қалдықтардың көп бөлігін қайта өңдеу әбден мүмкін, тіпті тиімді екені белгілі болды. Тек билік, өндірушілер және, әрине, тұрғындардың өздері аздап 🤏 күш салуы керек.

Экология үшін қоқысты жүйелі түрде басқарудың маңызын жеткізетін акциялар мен қызықты бейнероликтер, түсіндірме жұмыстары жүріп отырса тіптен керемет болар еді❗️

Қазақ және егеуқұйрық эксперименті

Садистік негізде құрылған бір эксперимент айтып берейін. Он бөшкенің әрқайсысына он егеуқұйрықтан қамап, бірнеше апта тамақ бермей қояды. Әбден ашыққан егеуқұйрықтар амалсыздан бір-бірінің етін жей бастайды. Бір-бірінің әлсірген, қалғып кеткен сәтін аңдып, жанды жерінен өткір тістерімен орады да, қалғандары таласып жеп алады. Солай он бөшкеден жеңімпаз болған бір-бір егеуқұйрық қалады.
Жеңімпаздарды босатып, еркіндікке жібергенде, олар бұрыңғы жеп жүрген тамақтарына қарай алмай, тек өз қандастарын ғана жетйін қаныпезерге айналады. Солай он егеуқұйрық мыңдаған егеуқұйрықтың жанын алады.
Бұнымен не айтқым келеді? Ғалымдар ойлап тапқан егеуқұйрықтарды егеуқұйрықтар арқылы жоятын бұл тәсіл бізге де жасалған. Кеңес Одағы кезінде қазақты, қырғызды, өзбекті, эстонды, тәжікті, бурятты, украинды, татарды, тағы басқа ұлттарды жоюдың басты құралына айналған еді. Қалай дейсіз ғой? Өзінің ішінен шыққан басынан бақайшағына дейін орыстанған өз космополиттерді салып орыстандыру жүргізу.
Билік басына ұлттық тамырынан ажыраған адамдарды қою, ана тілін менсінбейтін мемлекеттік қызметкерлер, өзінің ұлттық құндылығынан айырылғандардың барлығы, осы тұрғыдан алғанда – қауіпті.