БАҚЫТТЫ ӨМІР СҮРУ ҮШІН ҚАНША ҚАРАЖАТ ҚАЖЕТ?

Бақыт-бұл субъективті ұғым және әр адам үшін оның өзіндік мәні бар. Бақыт үшін қанша ақша қажет деген мәселе бүкіл әлемде өзекті болып қала береді, ал Қазақстан да ерекшелік емес. Бұл мақалада біз қазақстандықтардың қаржылық қажеттіліктеріне қандай факторлар әсер ететінін және бақыт сезімі үшін қаржылық әл-ауқаттың қандай маңызы бар екенін қарастырамыз.

Әр адамның өмір салтына, жасына, отбасылық жағдайына және басқа факторларға байланысты өз қажеттіліктері мен басымдықтары бар. Кейбіреулер үшін байлық саяхаттау және жаңа белестерді ашу мүмкіндігі болуы мүмкін, ал басқалары үшін — отбасы үшін тұрақты табыс пен балаларды оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Қазақстанда, басқа елдердегідей, қажеттіліктердің базалық деңгейі бар, ол мыналарды қамтиды:

— Тұрғын үй
— Тамақтану
— Білім
— Медициналық қызмет көрсету
— Көлік

Аймаққа және өмір сүру деңгейіне байланысты бұл қызметтердің құны айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы орташа табыс әр түрлі. Алматы және Астана сияқты ірі қалаларда жалақы деңгейі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары. Елордада жайлы өмір сүру үшін төрт адамнан тұратын отбасы барлық негізгі шығындарды, соның ішінде тұрғын үйді жалға алу, тамақтану, Көлік және ойын-сауықты жабуға мүмкіндік беретін соманы қажет етеді.

Шамамен есептеу: айына 290,000 теңгеден 610,000 теңгеге дейін.

Зерттеулер көрсеткендей, ақша бақыт деңгейіне әсер етеді, бірақ әрқашан пропорционалды емес. Табыстың белгілі бір деңгейіне жеткеннен кейін (Қазақстанда бұл бір адамға шамамен 200,000-300,000 теңге) ақшаның бақытқа әсері төмендей бастайды. Адамдар материалдық игіліктер арқылы ғана емес, қарым-қатынас сапасы, денсаулық деңгейі және өмірге қанағаттану арқылы да бақытты болады.

Қазақстанда бақытты өмір сүру үшін қанша ақша қажет-жеке және көп қырлы мәселе. Негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін отбасына айына 290,000-нан 610,000 теңгеге дейін қажет болуы мүмкін, бірақ шынайы бақыт көбінесе ақшада емес, өмір сапасында, қарым-қатынаста және ішкі күйде болады. Сондықтан қаржылық әл-ауқат пен рухани байлық арасындағы тепе-теңдікті табу маңызды.

БАҚЫТТЫ ӨМІРДІҢ «ҚҰНЫ» ҚАНША?

Өзімізге сұрақ қоялық. «Мен бақытты өмір сүру үшін табысым қанша болуы керек?», «Менің күй – жайым табыс көзіне байланысты ма?» және «Ақша расында да мені бақытты ете ме?»… Осы бір сұрақ қойылған кезде расында сасып, ойланып әбігерге салынады екенсің. Алайда, осы сұрақты қозғап, белгілі бір ой қалыптастырып, қорытындыға келе алуымыз үшін, осы тақырыпты қозғап отқан жайым бұл…
Табыс – әр адамның белгілі білімі үшін не атқарған еңбегі үшін алатын ақысы. Кімге қалай келетінін білмеймін, бірақ табыс еңбекпен жететін дүние болған соң, ыстық та болады. Сұраққа оралсақ, ең алғашқы ойымызға келетін ой ол – «Әрине де, табыс көзі маңызды емес. Бақытты сатып ала алмаймыз ғой..» деген сияқты болуы керек. Алайда, оның да алар орны бар екен. Бұл сұрақтың жауабын нақты білу үшін тіпті зерттеу жұмыстары жасалған екен…
1. АҚШ – тағы Penn’s Wharton School ғылыми қызметкері Мэттью Киллингсворт «Сіз өз өміріңізге көңіліңіз тола ма?, Қаншалықты?» деген секілді сұрақтары бар сауалнама бағдарламасын құрды. Сауалнамаға 18 – 65 жас аралығында 33 000 адам қатысса керек. Киллингсворт сөзінше ол, жалпы ақшаға қажеттілік туындамайтын, бақытты өмір «сүргізетін» орташа табыс көзін есептеді. Құны – бір толыққанды отбасы үшін жылына 75 мың долларды (қазір 36 млн тг) құрайды екен.
2. 2022 жылдың соңында PNAS ғылыми журналында ғылыми жұмыс жарияланады. Ондағы ғылыми жұмыстың авторлары жалақы өскен сайын бақыт деңгейі де артады деп хабарлайды. Ондағы қалыптасқан ой, белгілі бір табыс (яғни оның өсуі) оның мөлшеріне қарамастан адамды бақытты етеді екен. Табыс қаншалықты көбейсе, соншалықты күнделікті бақыт сезімінің өлшемі де жоғарылайды. Ал, 2010 жылы экономика саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Дэниел Канеман мен Ангус Дитон осы іспеттес атақты зерттеуі бойынша 75мың доллар табысқа жеткен адам бұдан артық табысқа жетсе, бақыт өлшемі күнделіктіден жоғары бола қоймайды екен.
Сонда, орташа не төмен табыс шынымен өмір сапасы мен әл-ауқаттың төмен не жоғары болуына әсер етеді екен. Бұдан түйін: «Біз бақытты емес, өмірге қанағаттануды сатып алады екенбіз.» Әрине, ақша – ол тек белгілі мүддеміз бен мақсатымызды орындағанда көмек беретін құрал не дүние екенін ұмытпағанымыз абзал және оны да дұрыс қолдана білуіміз қажет. Дұрыс емес қолда үлкен мөлшерде ақша болса да, бақытсыздық пен сәтсіздіктерді алып келуі әбден мүмкін. «Табысты болу» деген ұғымды тек қаражат тақырыбында ғана түсінуге кеңес бермеймін. Сондықтан, дүние артынан қумай, жәй ғана ләззат алып, қолдағымен бақытты өмір сүргеніміз жөн. Сонда, біздің бақытты өмір сүруімізге не кедергі?..
Обайдуллина Елдара
Жас тілші

Адамға бақытты өмір сүру үшін қанша ақша керек?

Бақытты өмір сүрудің формуласы көптеген факторларға тәуелді, бірақ ақша – оның маңызды құрамдас бөлігі. Бүгінде адамдар бақыттың материалдық жағдаймен байланыстылығын жиі талқылап жатады. Ақша бақытты болуға әсер ете ме? Нақты қанша ақша қажет? Осы сұрақтардың жауабын бірге білейік.

Көптеген адамдар ақша бақытты болуға әсер ететінін айтады. Адамдар үшін қаржы мәселелері шешілгенде, олар өзіне ұнайтын нәрселермен айналысуға, сапалы уақыт өткізуге, отбасымен және достарымен жақсы қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі болады. Бұл өмірдің қуаныштары мен мазмұнын арттырады.

Көпшілік бақытты өмір сүру үшін айына кемінде 400-500 мың теңге қажет деп есептейді. Бұл сома адамның негізгі қажеттіліктерін (тамақ, баспана, көлік, денсаулық сақтау) қамтиды. Алайда, адамдар үшін бақыттың тек қаржыға емес, сонымен қатар эмоционалдық жай-күйге байланысты екендігі де маңызды.

Бақытты сатып алу мүмкіндігі бар ма?

«Ақша бақытты сатып ала ма?» деген сұраққа жауаптар әртүрлі. Біреулер қаржының болуы, сапалы өмір сүруге, жақсы білім алуға, саяхат жасауға мүмкіндік беретінін айтады. Дегенмен, бақыттың тек ақшаға тәуелді емес екендігіне сенетіндер де бар. Адамның ішкі күйі мен қарым-қатынасы да бақытты болудың маңызды факторы.

Бақытты өмір сүру үшін ақша мен эмоциялық бақытты теңгеру қажет. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, өздеріне және жақындарына көңіл бөлудің маңызды екендігін түсіну – бақыттың кілті. Бұл балансты табу әр адамның жеке міндеті.

Қорытындылай келе, ақша мен бақыт арасындағы байланыс айқын. Адамдарға бақытты өмір сүру үшін айына 400-500 мың теңге жеткілікті деп есептейді, бірақ бақыттың негізгі кілті – ақша емес екенін түсінгеніміз абзал. Жақын адамдармен қоршаған ортада өмір сүру де бақытты болудың негізі болып табылады. Ақша мен бақыт арасындағы тепе-теңдікті сақтау – әр адамның өзіне жүктелген жауапкершілігі.

ҚҰШАҚТАП ЖІБЕРМЕЙТІН ЕДІМ

6 жасар сіңіліммен диалог:

— Әжемді сағындым. Ол аспаннан бізге қарап тұр, иә?
— мм
— Ол қазір қайда?
— Жердің астында…
— Ол қалай тыныс алады? Асханасы қайда?
— Мен Аллаһқа айтайын, әжеңе қарасын деп, иә?
— Айтшы, әжем қайтып келсінші. Құшақтап, жібермейтін едім.

Иә, өмір тым қысқа. Азғантай ғана ғұмыр. Ойланып көрдіңіз бе, біз қаншалықты бұл ғұмырды қадірлеп жүрміз?!

Шүкір, әрқайсымыздың жақындарымыз бар. Біз оларға күнде махаббатымызды білдірмесек те, іштей жақсы көреміз.

Адам болған соң ашу-ызыға ерік береміз. Ойланбастан жақын жанымыздың жүрегін жаралаймыз. Ойланыңызшы, егер жақыныңмен ренжіскен сәт өмірдегі соңғы кездесу болса ше? Сен оны енді көрмейсің! Кешірім сұрап үлгермедің. Кеудеде бір ащы сезім, иә?

Біз адамдар тек жоғалтқанда ғана қадірін түсінеміз. Ол адам өмірден өткенде ғана өкінеміз. Сағынамыз, жылаймыз. “Қайтып оралса екен” деп тілейміз. Мүмкін емес, білеміз. Бейсаналы түрде іштей қалай береміз.

Бірақ тірі кезде, жанымызда болған сәтте неге қадіріне жетпейміз? Неге біз тек өкінуді таңдаймыз? Неге біз сондаймыз? Неге?