БАҚЫТТЫҢ МӘНІ АҚШАДА МА?



Бақыт сөзі әр адамның ой санасында әр түрлі ұғымда. Бірі үшін бақыт — денсаулық, жақындарының амандығы, ал екіншісінің түсінігінде бақыт ол — мәртебе, атақ, абырой болса керек. Тіпті кей жандар үшін бақыттың мәні ақшада, байлықта.
Иә, бес саусақ бірдей емес дегендей, бақытты өмірдің адам түпсанасындағы модельдері жетерлік.
Қазіргі таңда бақыт ұғымын ақшаға тікелей байлап қоятындарды да жиі кездестіреміз. Осы тұста «бақыттың мәні ақшада ма?» деген көкей тесер сұрақ пайда болары анық. Бұл сұраққа жауап бермес бұрын «бақыт» пен «ақша» ұғымдарының мағынасын ашып алсақ.
Бақыт — адамға эмоция сыйлайтын, өмірге құштар қылар сезімдердің бірі. Ал «ақша» — адам қажеттілігін өтейтін балама деп қарастыра аламыз.
Енді жоғарыдағы қойылған сауалға келер болсақ, бұл сұрақтың шешімі екі жақты қарастырылады.
Бақыттың мәні емес, оның бір бөлшегі ғана ақшада. Яғни бақыт ұғымын толығымен ақшаға байлап қою әсте дұрыс емес. Бірақ ақша — қажеттілік, ақша — ресурс. Мысалы, саяхаттау, қымбат мейрамханалар, брендтер былай тұрсын, сіздің киіміңізді бүтін, қарныңыздың тоқ болуы, жылы баспана мен білім игеру үшін ақша қажеттілік болып тұр. Яғни ақшаны толығымен керексіз дүние ретінде қарастыра алмаймыз. Бірақ дүние қуып, бақыттың мәнін қашырмаған дұрыс. Өйткені өмірде ақшадан да қымбат дүниелер өте көп. Атап айтсақ, денсаулық, отбасы және т.б. Қалтаңды тесіп бара жатқан қанша байлығың болса да, мұнын біріне де жетпесі анық.
Қорыта келе, қоғамдағы адамдардың ойындағы «байлық», «ақша», «бақыт» ұғымдары сан қилы. Демек бақыттың құны емес, құндылығы маңызды екенін ұмытпаған жөн.
Сөз соңын Қадыр Мырза Әлінің мына бір өлең жолдарымен қорытындылаймын:
Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
Біз өмірді түсінбейміз,
Сол — қайғы.
Туа сала таудай бақыт күтеміз,
Ал шынында бақыт үлкен болмайды.
Лүпілдеген тамырындай шекенің
Жеке сағат,
Жеке тәулік,
Жеке күн.
Үлгермейміз түсініп те,
Байқап та
Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін!

Бақытты өмірдің “құны” қанша?

Бақыт – адам баласының өмір бойы іздейтін, бірақ көп жағдайда нақты анықтап айта алмайтын сезімі. Оның анықтамасы әркім үшін әртүрлі: біреулер үшін байлық, атақ-даңқ, мансап болса, басқалары үшін отбасы, махаббат немесе денсаулық болып табылады. Әрине, бақыттың бағасын анықтау қиын, бірақ осы сұрақты талқылауға тырысып көрейік.
Қазіргі заманда көп адам бақытты материалдық жағдаймен байланыстырады. Үй, көлік, сәнді киімдер – бұлардың бәрі адамға жайлылық сыйлайтыны рас. Алайда, қаржылық тұрғыдан қаншалықты табысты болғанымызбен, бақыт тек ақшамен өлшенбейді. Тіпті, барлық материалдық қажеттіліктері өтелген адамдар да өздерін жалғыз сезініп, ішкі қанағаттанарлықтан айырылуы мүмкін.
Зерттеулер көрсеткендей, адамның қаржылық жағдайы белгілі бір деңгейге жеткенде (мысалы, негізгі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда), оның бақыт деңгейі байлығына пропорционалды түрде өспейді. Ақша тек белгілі бір деңгейге дейін бақытқа ықпал ете алады. Оның үстіне, көп ақшаға ие болу стрессті, жауапкершілікті және моральдық қысымды да бірге алып келуі мүмкін.
Бақыттың маңызды бір бөлігі – ішкі қанағат сезімі. Рухани дамыған, жан дүниесі бай адамдар көбінесе өзін бақытты сезінеді. Өзін-өзі тану, ішкі тыныштықты табу және өмірдің мәнін түсіну арқылы адам шынайы бақытқа жақындайды. Рухани байлық ақшамен өлшенбейді, бірақ ол өмірді толыққанды етіп сезінуге көмектеседі.

Бірқатар философиялық және діни ағымдарда бақыттың материалдық емес екендігі, оның адамның ішкі дүниесіне байланысты екенін айтады. Мысалы, буддизмде бақыт – сананың тыныштығы мен қанағаттану сезімін сақтау арқылы келеді деп есептеледі. Ал исламда адам тек Алланың разылығын іздегенде ғана нағыз бақытқа жетеді деп сенеді.

Психологтар бақыттың бірнеше негізгі компоненттерін бөліп көрсетеді: махаббат, қарым-қатынас, денсаулық және мақсаттылық.

• Махаббат – адамның өзін толықтай бақытты сезінуі үшін аса маңызды. Мейлі ол романтикалық махаббат болсын, немесе отбасылық, достық қарым-қатынас болсын, сүйіспеншілік пен қолдау адамды ішкі бақытқа жақындатады.
• Қарым-қатынас – әлеуметтік байланыстардың сапасы адамның бақыт деңгейіне айтарлықтай әсер етеді. Зерттеулерге сәйкес, жақсы қарым-қатынастарға бай адамдар өздерін бақыттырақ сезінеді.
• Денсаулық – адам өмірінің сапасын анықтайтын басты факторлардың бірі. Физикалық және психикалық денсаулық жақсы болғанда, өмірге деген көзқарас оң болады.
• Мақсаттылық – өз өмірінде белгілі бір мақсаттың болуы адамға өмірлік мағына береді. Мақсатқа жету жолында адам өз күшін жұмсап, өзін пайдалы сезінеді, бұл да бақыттың бір көзі.

Бақытты өмірдің құны қандай?

Осы факторларды ескеріп, бақытты өмірдің нақты құны туралы айту мүмкін емес. Бақытты сатып алу мүмкін болмаса да, оның белгілі бір «құны» бар: ол – уақыт, күш-жігер және ішкі үйлесімділікке жету үшін жасалған қадамдар. Адамға байлық пен жетістіктерден гөрі, жан тыныштығы, сүйіспеншілік, қолдау мен өз өміріндегі мағынаны табу маңыздырақ болуы мүмкін.

Әрбір адам өз өмірінің мәнін өз құндылықтарына сай қалыптастырады. Ақша тек бір аспекті ғана болғанымен, шынайы бақыт ішкі тепе-теңдік пен өмірге деген қанағаттану сезімінде жатыр. Демек, бақыттың құны – ол адамның өз ішкі дүниесімен жұмыс істеуге, айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынас құруға және өмірден ләззат алуға қаншалықты дайын екендігімен өлшенеді.
Бақыт – әркімнің өзіне тән және оның құны нақты санмен өлшенбейді. Ол тек материалдық жағдайға емес, адамның ішкі әлеміне, жақын адамдарымен қарым-қатынасына және өмірлік құндылықтарына байланысты. Шынайы бақытқа жету үшін ішкі жан дүниемізді байытып, рухани дамуымызды жалғастыру маңызды. Әрбір адам бақытты өмір сүруге лайық және оған жетудің жолын өз жүрегінен табады.

БАҚЫТТЫ ӨМІР СҮРУ ҮШІН ҚАНША ҚАРАЖАТ ҚАЖЕТ?

Бақыт-бұл субъективті ұғым және әр адам үшін оның өзіндік мәні бар. Бақыт үшін қанша ақша қажет деген мәселе бүкіл әлемде өзекті болып қала береді, ал Қазақстан да ерекшелік емес. Бұл мақалада біз қазақстандықтардың қаржылық қажеттіліктеріне қандай факторлар әсер ететінін және бақыт сезімі үшін қаржылық әл-ауқаттың қандай маңызы бар екенін қарастырамыз.

Әр адамның өмір салтына, жасына, отбасылық жағдайына және басқа факторларға байланысты өз қажеттіліктері мен басымдықтары бар. Кейбіреулер үшін байлық саяхаттау және жаңа белестерді ашу мүмкіндігі болуы мүмкін, ал басқалары үшін — отбасы үшін тұрақты табыс пен балаларды оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Қазақстанда, басқа елдердегідей, қажеттіліктердің базалық деңгейі бар, ол мыналарды қамтиды:

— Тұрғын үй
— Тамақтану
— Білім
— Медициналық қызмет көрсету
— Көлік

Аймаққа және өмір сүру деңгейіне байланысты бұл қызметтердің құны айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы орташа табыс әр түрлі. Алматы және Астана сияқты ірі қалаларда жалақы деңгейі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары. Елордада жайлы өмір сүру үшін төрт адамнан тұратын отбасы барлық негізгі шығындарды, соның ішінде тұрғын үйді жалға алу, тамақтану, Көлік және ойын-сауықты жабуға мүмкіндік беретін соманы қажет етеді.

Шамамен есептеу: айына 290,000 теңгеден 610,000 теңгеге дейін.

Зерттеулер көрсеткендей, ақша бақыт деңгейіне әсер етеді, бірақ әрқашан пропорционалды емес. Табыстың белгілі бір деңгейіне жеткеннен кейін (Қазақстанда бұл бір адамға шамамен 200,000-300,000 теңге) ақшаның бақытқа әсері төмендей бастайды. Адамдар материалдық игіліктер арқылы ғана емес, қарым-қатынас сапасы, денсаулық деңгейі және өмірге қанағаттану арқылы да бақытты болады.

Қазақстанда бақытты өмір сүру үшін қанша ақша қажет-жеке және көп қырлы мәселе. Негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін отбасына айына 290,000-нан 610,000 теңгеге дейін қажет болуы мүмкін, бірақ шынайы бақыт көбінесе ақшада емес, өмір сапасында, қарым-қатынаста және ішкі күйде болады. Сондықтан қаржылық әл-ауқат пен рухани байлық арасындағы тепе-теңдікті табу маңызды.

БАҚЫТТЫ ӨМІРДІҢ «ҚҰНЫ» ҚАНША?

Өзімізге сұрақ қоялық. «Мен бақытты өмір сүру үшін табысым қанша болуы керек?», «Менің күй – жайым табыс көзіне байланысты ма?» және «Ақша расында да мені бақытты ете ме?»… Осы бір сұрақ қойылған кезде расында сасып, ойланып әбігерге салынады екенсің. Алайда, осы сұрақты қозғап, белгілі бір ой қалыптастырып, қорытындыға келе алуымыз үшін, осы тақырыпты қозғап отқан жайым бұл…
Табыс – әр адамның белгілі білімі үшін не атқарған еңбегі үшін алатын ақысы. Кімге қалай келетінін білмеймін, бірақ табыс еңбекпен жететін дүние болған соң, ыстық та болады. Сұраққа оралсақ, ең алғашқы ойымызға келетін ой ол – «Әрине де, табыс көзі маңызды емес. Бақытты сатып ала алмаймыз ғой..» деген сияқты болуы керек. Алайда, оның да алар орны бар екен. Бұл сұрақтың жауабын нақты білу үшін тіпті зерттеу жұмыстары жасалған екен…
1. АҚШ – тағы Penn’s Wharton School ғылыми қызметкері Мэттью Киллингсворт «Сіз өз өміріңізге көңіліңіз тола ма?, Қаншалықты?» деген секілді сұрақтары бар сауалнама бағдарламасын құрды. Сауалнамаға 18 – 65 жас аралығында 33 000 адам қатысса керек. Киллингсворт сөзінше ол, жалпы ақшаға қажеттілік туындамайтын, бақытты өмір «сүргізетін» орташа табыс көзін есептеді. Құны – бір толыққанды отбасы үшін жылына 75 мың долларды (қазір 36 млн тг) құрайды екен.
2. 2022 жылдың соңында PNAS ғылыми журналында ғылыми жұмыс жарияланады. Ондағы ғылыми жұмыстың авторлары жалақы өскен сайын бақыт деңгейі де артады деп хабарлайды. Ондағы қалыптасқан ой, белгілі бір табыс (яғни оның өсуі) оның мөлшеріне қарамастан адамды бақытты етеді екен. Табыс қаншалықты көбейсе, соншалықты күнделікті бақыт сезімінің өлшемі де жоғарылайды. Ал, 2010 жылы экономика саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Дэниел Канеман мен Ангус Дитон осы іспеттес атақты зерттеуі бойынша 75мың доллар табысқа жеткен адам бұдан артық табысқа жетсе, бақыт өлшемі күнделіктіден жоғары бола қоймайды екен.
Сонда, орташа не төмен табыс шынымен өмір сапасы мен әл-ауқаттың төмен не жоғары болуына әсер етеді екен. Бұдан түйін: «Біз бақытты емес, өмірге қанағаттануды сатып алады екенбіз.» Әрине, ақша – ол тек белгілі мүддеміз бен мақсатымызды орындағанда көмек беретін құрал не дүние екенін ұмытпағанымыз абзал және оны да дұрыс қолдана білуіміз қажет. Дұрыс емес қолда үлкен мөлшерде ақша болса да, бақытсыздық пен сәтсіздіктерді алып келуі әбден мүмкін. «Табысты болу» деген ұғымды тек қаражат тақырыбында ғана түсінуге кеңес бермеймін. Сондықтан, дүние артынан қумай, жәй ғана ләззат алып, қолдағымен бақытты өмір сүргеніміз жөн. Сонда, біздің бақытты өмір сүруімізге не кедергі?..
Обайдуллина Елдара
Жас тілші

Адамға бақытты өмір сүру үшін қанша ақша керек?

Бақытты өмір сүрудің формуласы көптеген факторларға тәуелді, бірақ ақша – оның маңызды құрамдас бөлігі. Бүгінде адамдар бақыттың материалдық жағдаймен байланыстылығын жиі талқылап жатады. Ақша бақытты болуға әсер ете ме? Нақты қанша ақша қажет? Осы сұрақтардың жауабын бірге білейік.

Көптеген адамдар ақша бақытты болуға әсер ететінін айтады. Адамдар үшін қаржы мәселелері шешілгенде, олар өзіне ұнайтын нәрселермен айналысуға, сапалы уақыт өткізуге, отбасымен және достарымен жақсы қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі болады. Бұл өмірдің қуаныштары мен мазмұнын арттырады.

Көпшілік бақытты өмір сүру үшін айына кемінде 400-500 мың теңге қажет деп есептейді. Бұл сома адамның негізгі қажеттіліктерін (тамақ, баспана, көлік, денсаулық сақтау) қамтиды. Алайда, адамдар үшін бақыттың тек қаржыға емес, сонымен қатар эмоционалдық жай-күйге байланысты екендігі де маңызды.

Бақытты сатып алу мүмкіндігі бар ма?

«Ақша бақытты сатып ала ма?» деген сұраққа жауаптар әртүрлі. Біреулер қаржының болуы, сапалы өмір сүруге, жақсы білім алуға, саяхат жасауға мүмкіндік беретінін айтады. Дегенмен, бақыттың тек ақшаға тәуелді емес екендігіне сенетіндер де бар. Адамның ішкі күйі мен қарым-қатынасы да бақытты болудың маңызды факторы.

Бақытты өмір сүру үшін ақша мен эмоциялық бақытты теңгеру қажет. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, өздеріне және жақындарына көңіл бөлудің маңызды екендігін түсіну – бақыттың кілті. Бұл балансты табу әр адамның жеке міндеті.

Қорытындылай келе, ақша мен бақыт арасындағы байланыс айқын. Адамдарға бақытты өмір сүру үшін айына 400-500 мың теңге жеткілікті деп есептейді, бірақ бақыттың негізгі кілті – ақша емес екенін түсінгеніміз абзал. Жақын адамдармен қоршаған ортада өмір сүру де бақытты болудың негізі болып табылады. Ақша мен бақыт арасындағы тепе-теңдікті сақтау – әр адамның өзіне жүктелген жауапкершілігі.

Бақытты өмір сүру үшін қанша қаражат керек?

Бақытты өмір сүру үшін қанша қаражат қажет? Бұл сұрақ көпшілікті алаңдататыны рас және оның жауабы көрінгендей айқын емес. Кей адамдар үшін бақыт қаржылық тәуелсіздік пен таңдау еркіндігінде, ал басқалары үшін айтарлықтай шығындарды қажет етпейтін қарапайым қуаныштарда жатыр.
Зерттеулер көрсеткендей, әдетте негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жеткілікті ақша сомасына дейін бақыт деңгейі шынымен де артып келеді. Алайда, осы шекті деңгейге жеткеннен кейін табыс пен бақыт арасындағы байланыс әлсірей бастайтынын байқауға болады.
Бақыт банктік шоттағы сандармен өлшенбейді. Шын мәнінде бақыт деген жақындарының күлімсіреуінде, сүйікті ісімен айналысу мүмкіндігінде, көптеген ашылуларда.
Көбінесе ақша емес, оларды сауатты бөліп, тиімді пайдалану өте маңызды. Ыңғайлы өмір салтын тұрақты түрде сақтауға мүмкіндік беретін бюджет кішігірім қуаныш таба білумен толықтырылуы керек.
Осылайша, бақыт үшін қажетті сома тек қаржылық жағдайларға ғана емес, сонымен бірге адамның ішкі жағдайына және оның бар нәрсені бағалау қабілетіне де байланысты.
Султанова Индира