Буллингтің өміріміздегі орны қандай?

«Буллинг» термині белгілі бір адамды жүйелі түрде қорлауды, қорқытуды және қудалауды білдіреді. Мұндай әрекеттерді бір немесе бірнеше адамдардан құралған топтың жағынан көре аламыз.

Дэн Олвейстің «Мектептегі буллинг: біз не білеміз және не істей аламыз» зерттеуін қарап шығуға болады. Онда Олвейс буллингтің классикалық анықтамасын берді:
“Мектеп оқушысы белгілі бір уақыт аралығында жүйелі түрде бір немесе бірнеше баланың жағымсыз әрекеттеріне ұшырауы.”
Осы әрекеттің мақсаты ыңғайсыздық тудыру, адамға кері әсер тигізу. Сонымен қатар, қорқыту міндетті түрде теңсіздік жағдайында, «бала өзін қорғай алмаған кезде» орын алады.

21 ғасырда қорқыту тек мектепте ғана емес, адамдар арасындағы теңсіздік байқалатын барлық жерде кездеседі. Ал қазіргі таңда, кибербуллингке ерекше көңіл бөле аламыз.

Интернетті кеңінен қолдану арқылы өміріміз түбегейлі өзгерді. Қорқыту көптеген салаларда пайда бола бастады. Сонымен қатар біздің өміріміздің осы бөлігіне де әсер етті.

Кибербуллинг балалар, жасөспірімдер, ересектер, әсіресе атақты адамдар үшін ортақ мәселе.

Бұл адам психикасына қатты әсер етеді. Көбісі адамды жақтыртпауын пост немесе видеосына бөлісуге дайын.

Жан түршігерлік пікірлердің астында қалғандардың көпшілігі — әйелдер. Мұны көріп, ештеңе істемейтін адамдар аз емес. Өйткені, статистика бойынша адамдардың 25 % кибербуллингті қалыпты деп санайды.

Кибербуллинг жастардың өз-өзіне қол жұмсау мүмкіндігін арттырды.
Әсіресе, соңғы он жылда балалар мен жасөспірімдер арасында депрессия, мазасыздық, суицидтік ойлар саны артты. Сөзсіз, кибербуллинг осы мәселелерге ықпал етуді жалғастыруда.

Бұл мәселемен күресудің бірнеше жолы бар. Ол, мұндай адамдарды елемеу және бұғаттау. Сондай-ақ осындай проблеманың дамуымен сіз дәлелдерді жинап, кибербуллинг туралы хабарлай аласыз.

Кибербуллинг – адамдардың қатыгездік пен адамгершіліктен айырылуына ықпал ететін факторлардың бірі. Бір-бірімізге мейірімді болсақ, кем дегенде, осы әлемдегі жақсы өзгерістерге үлес қоса аламыз.

Кибербуллингке жол жоқ!

Интернет әлемі — біз ақпарат алатын, тәжірибе алмасатын және жаңа достар таба алатын таңғажайып орын. Өкінішке орай, кейде бұл әлемде оның қолданушыларына теріс және зиянды әсер ететін дүниелер болады.

Кибербуллинг – интернет желісінің жағымсыз тұстарының бірі. Бұл онлайн ортаны адамға деген агрессия мен жек көрушілікті, үрейлендіру мен ренішті көрсету мақсатында қолдану.

Бірақ біз кибербуллингті тоқтата аламыз! Мұны жүзеге асыру үшін сізге суперқаһарман болу немесе арнайы дағдылар қажет емес. Тек бірнеше маңызды нәрсені есте сақтаңыз.

Біріншіден, шынайы өмірдегідей желіде бір-біріңізге мейірімді және сыйластықта болыңыз. Сенің адамға деген қатынасың — сенің ішкі жан дүниеңнің көрінісі. Егер де қоғам саған қалай әсер еткенін қаласаң, өзің де қоғамға сондай қатынаста болу қажетсің.

Екіншіден, егер сіз біреудің кибербуллингтің құрбанына айналғанын көрсеңіз, бей-жай қарамаңыз. Бұл адамға дереу қолдау көрсетіңіз, оның жалғыз емес екенін айтыңыз және көмек көрсетіңіз. Кейде жігерлендіретін қарапайым сөз біреудің көңіл-күйін әлдеқайда жақсартады.

Соңында, киберқорқытуға тап болсаңыз немесе көмекке мұқтаж басқа біреуді көрсеңіз, ересектерден немесе мамандардан көмек сұраудан тартынбаңыз. Бұл әлсіздік емес, өзіңе және басқаларға деген қамқорлық. Ізгі қоғам қалыптастыруға бір үлесіңіз.

Интернетті барлығына қауіпсіз және жайлы орынға айналдыру үшін бірге жұмыс істейік! Өркениетті заманауи ортада кибербуллингке жол жоқ! Әр адам шынайы өмірдегідей виртуалды ортада да өзің қауіпсіз, жайлы сезінуіне өз үлесіңді қос!