Адам өз тағдырын өзі жаза ма, әлде сценарий дайын ба?

Өмір – адамның өз қолымен жазатын кітабы ма, әлде біз тек алдын ала жазылған сценарийдің кейіпкерлеріміз бе? Бұл сұрақ ғасырлар бойы талқыланып келеді. Біреулер адамның өмірі алдын ала белгіленген деп сенсе, енді біреулер бәрі өз қолымызда деп есептейді. Бірақ шын мәнінде, біз өз жолымызды өзіміз таңдаймыз ба, әлде тағдырдың жазғанынан аса алмаймыз ба?

“Жазмыштан озмыш жоқ” дейді халық. Егер бұл рас болса, онда біздің әрекеттеріміз бен таңдауларымыздың еш мағынасы жоқ па? Егер бәрі алдын ала белгіленген болса, онда еңбектенудің, армандаудың, күресудің қажеті қанша? Бұл ой адамды шарасыздыққа ұрындырады. Бірақ екінші жағынан, “Өзіңді өзің өзгерте алмасаң, ештеңені өзгерте алмайсың” деген де бар. Демек, біз өз қолымызбен тағдырымызды қалыптастыра аламыз ба?

Адам өмір жолында әртүрлі таңдау жасайды. Біреу білімге ұмтылады, енді біреу еріншектікке салынады, біреу күресуге дайын, ал біреу кезіккен қиындыққа мойынсұнып, тағдырға кінә артады. Егер тағдыр алдын ала жазылып қойған болса, онда бұл таңдау не үшін беріледі? Әлде бізге тек таңдау құқығы берілгенімен, оның нәтижесі баяғыда шешіліп қойған ба?

“Не ексең, соны орасың” деген сөз адам өмірінің өз қолында екенін меңзейді. Әрекетсіз ештеңе өзгермейді. Егер адам тағдыры тек жазылған сценарий болса, онда неге біреулер кедейліктен шығып, табысқа жетеді, ал біреулер өмірін құрдымға жібереді? Неге кейбір адамдар жігерімен тағдырын өзгертсе, енді біреулер жағдайға көндігеді? Бұл жерде таңдау еркі бары анық емес пе?

Дегенмен, кейде адам қанша тырысса да, өмір ойламаған бағытқа бұрылып кетеді. Мұндайда “Бәрі тағдыр” деп, өмірдің әділетсіздігіне көнуге тура келеді. Бірақ бұл шынымен тағдыр ма, әлде біздің өзіміздің қателіктеріміз бен әрекетіміздің салдары ма?

Өмір – бұл таза парақ па, әлде алдын ала жазылған кітап па? Бұл сұраққа әр адам өз жауабын табады. Бірақ бір нәрсе анық: әрекетсіздік ешкімді алға жылжытпайды, ал еңбек пен талпыныс адамның өмірін өзгерте алады. Сондықтан, өз тағдырымыздың авторы боламыз ба, әлде дайын сценарийді ойнап шығамыз ба – бұл өзімізге байланысты

Совет Гүлім
11-сынып оқушысы

Жасанды интеллект және адамзат: Ынтымақтастық немесе бәсекелестік?

Жасанды интеллект – соңғы жылдары ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі. Оның дамуымен бірге, адамзаттың болашағына әсер ететін сұрақтар да туындайды: ЖИ мен адам арасындағы қарым-қатынас қандай болмақ? Бұл ынтымақтастық па, әлде бәсекелестік пе?
Жасанды интеллекттің артықшылықтары

ЖИ-дің пайдасы айқын. Ол деректерді талдауда, автоматтандыруда, және шешім қабылдауда адамнан озып кетеді. Мысалы, медицинада диагноз қою, қаржы саласында инвестицияларды басқару, және өндірісте процестерді оңтайландыру сияқты көптеген салаларда ЖИ қолданылып жатыр. Бұл технологиялардың арқасында өнімділік артып, адамдардың өмірі жеңілдейді.
Ынтымақтастықтың мүмкіндіктері

ЖИ мен адамның арасындағы ынтымақтастық үлкен әлеуетке ие. Адамдардың креативтілігі мен эмоционалды интеллекті ЖИ-дің логикалық және аналитикалық қабілеттерімен толықтырыла алады. Мысалы, шығармашылық жобаларда ЖИ идеяларды ұсыну арқылы адамның шығармашылық әлеуетін арттыруы мүмкін. Адам мен ЖИ арасындағы байланыс білім беру, ғылыми зерттеулер және денсаулық сақтау сияқты салаларда тиімді нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
Бәсекелестік мәселелері

Дегенмен, ЖИ-дің дамуымен бірге бәсекелестік мәселелері де туындайды. ЖИ жұмысты автоматтандырғанда, көптеген мамандар жұмыс орындарынан айрылуы мүмкін. Бұл әлеуметтік теңсіздікке және экономикалық қиындықтарға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, ЖИ жүйелерінің этикалық мәселелері, әсіресе, адам құқықтары мен қауіпсіздігі тұрғысынан, дағдарыс туғызуы мүмкін.
Қорытынды
Жасанды интеллекттің адамзатпен қарым-қатынасы болашақта екі түрлі бағытта дамуы мүмкін: ынтымақтастық және бәсекелестік. Ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы адамзат ЖИ-мен бірге даму жолында озық нәтижелерге жетуі мүмкін. Дегенмен, бәсекелестіктің туындауына жол бермес үшін, ғылыми қоғамдастық, бизнес және мемлекет бірлесіп, ЖИ-ді этикалық және жауапты түрде дамытуы қажет.
Адам мен ЖИ арасындағы диалогтың маңызды екені сөзсіз, себебі болашағымыз осы қарым-қатынастың қалай қалыптасатынына байланысты.

Совет Гүлім
11-сынып оқушысы

Жастарға бар мүмкіндік жасалуда: жауапкершілік жүгін сезіну маңызды

Жақында елордада өткен «Жаңа адамдар» форумында Қазақстан Президенті жастарға үлкен сенім артып, олардың дамуы үшін барлық жағдай жасалып жатқанын айтты. Шын мәнінде, қазіргі қоғамда білім алуға, кәсіп бастауға, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік мол. Мемлекет жастарға арналған түрлі бағдарламаларды ұсынып, олардың қабілетін шыңдауға жағдай жасауда. Алайда осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану – әр жастың өз қолында.

«Жас келсе – іске» демекші, бүгінгі буын тек дайын мүмкіндіктерге үміт артып қана қоймай, өздігінен ізденіп, еңбек етуі керек. Қазақта «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген сөз бар. Яғни, жастарға ұсынылған қолдауларды дұрыс пайдаланып, табысты болу – олардың өз белсенділігіне байланысты. Білімді жастар ғана қоғамды алға сүйрейді, ал бұл ел болашағы үшін аса маңызды.

Сонымен қатар, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегендей, бүгінгі жастардың басты қаруы – білім. Мемлекет шетелде оқу, ғылыми жобаларға қатысу, стартаптарды дамыту сияқты бағыттарды қолдауда. Мұндай мүмкіндіктердің барын біле тұра, оларды пайдаланбау – өзіңе жасалған қиянат.

Әрине, тек мемлекеттің қолдауына ғана арқа сүйеп отыру дұрыс емес. «Талаптыға нұр жауар» дегендей, әр адам өз мақсатын айқындап, соған жету үшін тынымсыз еңбектенуі қажет. Себебі берілген мүмкіндікке сүйеніп, әрекет етпесек, оның да құны болмайды.

Қорытындылай келе, жастарға барлық жағдай жасалғанымен, оның нәтижесі әркімнің өз жауапкершілігі мен еңбегіне байланысты. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп Абай айтқандай, бүгінде жастарға сенім артылып отыр, ал сол сенімді ақтау – олардың өз қолында.

Совет Гүлім
11-сынып оқушысы

Қызың өссе…

Қыз – отбасының сәні, ұлттың айнасы. Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрметтеп, оның тәрбиесіне аса мән берген. “Қызың өссе, қызығасың” деген халық даналығы бекер айтылмаған. Қыз баланың әр қимылы, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі – оның ғана емес, бүкіл отбасының, тіпті елдің тәрбиесін көрсетеді. Сондықтан да халқымыз “Қызды қырық үйден тый” деп, оның әдебі мен инабатын жоғары ұстауға шақырған.

Бүгінгі заманның қыздары – ертеңгі ұлт анасы. Олардың тәрбиесі бүтін бір ұрпақтың тағдырын анықтайды. Қыз бала тек сабағын жақсы оқып, білікті маман ғана болмауы керек. Ол ең алдымен тәрбиелі, ізетті, мәдениетті, мейірімді болуы қажет. “Қыздың жолы жіңішке” деп бекер айтпаған, өйткені қыз балаға қойылар талап әрдайым жоғары.

Қазақ қыздарын кішкентайынан ісмерлікке, қонақжайлыққа, тазалыққа, әдептілікке үйреткен. “Анасын көріп қызын ал” деген сөз де қыз тәрбиесінің маңызын айқындайды. Бүгінгі таңда қыз бала жан-жақты болуы керек: білімді, саналы, ұқыпты, отбасылық өмірге де дайын болуы қажет. Себебі, ертеңгі күні жақсы келін, аяулы жар, ардақты ана болу – әрбір қазақ қызының өміріндегі басты міндеттердің бірі.

Алайда қазіргі заманда кейбір қыздар ұлттық тәрбиені ұмытып, жеңіл өмірге әуес болып барады. Бұған ата-ананың немқұрайлы қарауы, қоршаған ортаның ықпалы, әлеуметтік желілер әсер етуі мүмкін. “Қызға қырық үйден тыйым” деп бекер айтпаған, егер қыз бала еркелікке салынып, өзіне жауапкершілік алмаса, оның болашағы бұлыңғыр болуы мүмкін.

Қыз тәрбиесі – бүкіл ұлт тәрбиесі. “Ел болам десең, бесігіңді түзе” дегендей, қыздарды тәрбиелеуге барлығымыз атсалысуымыз қажет. Өйткені, бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ал жақсы ана – бақытты ұрпақтың бастауы.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,қыз баланы тек білімге ғана емес, ұлттық құндылықтарға да баулу керек. Қызымыз ибалы, ізетті, арлы болса – болашағымыз жарқын болмақ.
Совет Гүлім
11-сынып оқушысы

Адамзат Марсқа бара ма? Ғарышты игерудің болашағы

Адамзат әрқашан көкжиекке ұмтылады. Бір кездері теңіздердің арғы жағындағы жаңа жерлерді ашқан саяхатшылар секілді, енді біз ғарыштың шексіз мұхитында жаңа әлемдерді іздеп жүрміз. Айды бағындырған соң, келесі қадам – Қызыл ғаламшар. Бірақ бұл қиял ма, әлде шындыққа айналатын болашақ па?

Марс: Құпияға толы қызыл әлем

Марс – Жердің інісі іспетті, бірақ суық, шаңды әрі мүлде қатал мекен. Оның аспаны сарғыш, беті кратерлер мен тастақ жоталарға толы. Атмосферасы өте жұқа, ол жерде тыныс алу мүмкін емес. Су бар ма? Иә, бірақ тек мұз түрінде. Сонда бізге неге дәл осы ғаламшар қызық?

Себебі, Марс – адамзаттың екінші үйі бола алатын жалғыз планета. Ғалымдар оның топырағынан тіршіліктің іздерін табуға тырысып жатыр. Миллиардтаған жыл бұрын мұнда өзендер ағып, теңіздер шалқып жатты деген болжам бар. Егер бір кездері Марста өмір болса, демек, болашақта біз де ол жерге қоныстана аламыз.

Ғарышты игеру: Арманнан – ақиқатқа

Марсты бағындыру идеясы ғасырлар бойы адамзаттың қиялын тербетіп келеді. Бірақ бүгінгі технологиялар бұл арманды шындыққа айналдыруға жақындады. NASA, SpaceX және басқа да ғарыш агенттіктері адамды Марсқа жіберудің жолдарын қарастырып жатыр.

Элон Масктың SpaceX жобасы ең батыл бастамалардың бірі. Ол 2030 жылға қарай адамдарды Марсқа жеткізуді жоспарлап отыр. Оның ойынша, Қызыл ғаламшарға колония құру – адамзаттың аман қалуы үшін маңызды қадам. Егер Жерде қандай да бір апат орын алса, Марс – біздің жаңа панамыз болуы мүмкін.

NASA да бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. “Artemis” бағдарламасы алдымен Айға тұрақты база орнатып, кейіннен Марсқа ұшуға дайындық жасауды көздейді. Бұл миссиялар – біздің ғарыштағы алғашқы тұрақты қадамдарымыз.

Марста өмір сүруге бола ма?

Біз Марсқа жеттік делік, бірақ онда қалай өмір сүреміз?
1. Ауа жоқ, сондықтан оттегі өндіру қажет. Ғалымдар Марс атмосферасындағы көмірқышқыл газынан оттегі алудың әдістерін зерттеуде.
2. Су – ең басты мәселе. Марста мұз түріндегі су бар, оны ерітіп, ішуге немесе отын ретінде пайдалануға болады.
3. Тамақ мәселесі. Адамдар азықты өздері өсіруі үшін гидропоника әдістері зерттеліп жатыр.
4. Ғаламшардан қорғану. Марс қатал климатымен қауіпті, радиация жоғары, ал түнде температура -100°C-қа дейін төмендейді. Сондықтан адамдар арнайы қорғаныс үйлерінде тұруға мәжбүр болады.

Марсқа ұшу – адамзаттың болашағы ма?

Марсқа жету – тек ғылыми жетістік емес, бұл – адамзаттың болашағына салынған көпір. Бұл ғаламшарға қоныстану – біздің шекарамыздың шексіз екенін дәлелдейді. Егер біз Марсты бағындырсақ, басқа жұлдыздарға да жол ашамыз.

Бір кездері Айға қадам басу мүмкін емес деп ойладық, бірақ ол шындыққа айналды. Енді Марсқа сапар да алыс болмауы мүмкін. Кім біледі, бәлкім, келесі ғасырдың балалары Марста туған алғашқы адамдардың ұрпағы болар…

Қорытынды: Марс – арман ба, әлде мақсат па?

Адамзат үшін шекара деген ұғым жоқ. Біз әрқашан жаңа жерлерді ашып, жаңа мүмкіндіктерге ұмтыламыз. Марс – біздің болашағымыздың бір бөлігі. Ол алыс арман емес, ақырындап жақындап келе жатқан шындық.

Бір күні тарих кітаптарына: “2024 жыл – адамдар Марсқа сапарға дайындала бастаған уақыт” деп жазылуы мүмкін. Ал сен қалай ойлайсың? Адамзат Марсқа бара ала ма?

Совет Гүлім
11-сынып оқушысы

Түлектердің үлкен өмірге қадам басу жолдары қандай болады?

Мақала авторы:
Каменова Нәзерке Ерғалиқызы
avonemak@icloud.com

Тақырыбы:
Түлектердің үлкен өмірге қадам басу жолдары қандай болады?

Жоғарғы оқу орнына түспеген түлек – ең табысты адам бола алады.

Бұл өмірде әр адамның жеке тағдыры жазылған. Әркім болашағын әртүрлі жолдармен құрау құқығына ие және ол үшін университет бітіру қажеттілігі жоқ. «Forbes.kz» қайнар көзінің дерегі бойынша 2021 жылдың санағымен 12,7 млн халықтың 3.7 млн ғана ЖОО бітірген болатын. Демек, қазіргі қоғамда жоғарғы білімсіз ақ, өмірде өз орнын табуға болады. Өзіміз ойланайықшы! Мектеп бітірген түлектерлің кейбіреулері жеке кәсіпкерлік ашып, бизнес құрады, кейбіреулері жұмыс істейді, кейбіреулері әскерге кетсе, қалғаны отау құрайтыны рас. Бұдан бөлек, әлемде түлектерге арналған арнайы «Gap year» бағдарламасы бар. Бұл жоба жасөспірімдердің оқу жолында үзіліс алуын қарастырады. Яғни, бір жыл ішінде жеке қабілеттіктерін бақылап, ары қарай күшті әрі әлсіз жақтарын саралау, профориентация арқылы болашақ өмірлік ісінді табу. Үзіліс алу-орынды және пайдалы. Люциус Анней Санека айтқандай, «Ғасырлап өмір сүр де, ғасырлап оқи біл!». Демек, күн көріс кезінде ақ әр атқан таңымыз біліп, көріп, оқып танылады.
Бұдан шығатын басты дәйек-университетке түсе алмай қалсақ та, әрекет еткен жағдайда ең табысты, ең бақытты тұлға атана аламыз!

Болашаққа көзқарас: қоғамның дамуы

Жыл өткен сайын адамзат қоғамның құрылымы мен сипатына сөзсіз әсер ететін қайталанбас өзгерістердің куәсі болуда. Болашаққа көз салу бізді алда қандай өзгерістер күтіп тұрғаны және олардың қоғамымызға қалай әсер ететіні туралы ойлануға мәжбүр етеді.

Болашақта қоғам дамуының маңызды аспектісі – техникалық прогресс. Жасанды интеллект, кибернетика, биотехнология және басқа да ғылым салаларының дамуымен күнделікті өмірімізде түбегейлі өзгерістер күтуге болады. Еңбекті автоматтандыру, робототехника мен ақылды басқару жүйелерінің дамуы еңбек нарығы мен қоғамның экономикалық құрылымының өзгеруіне әкеледі. Бұл жаңа жағдайларға бейімделу үшін білім беруді, оқытуды және әлеуметтік қорғауды қайта қарауды талап етеді.

Болашақта қоғамымыздың келбетін қалыптастыратын көптеген жаңа технологиялардың пайда болуын күтуге болады. Олар мыналарды қамтуы мүмкін:

1. **Кванттық есептеулер:** Кванттық компьютерлердің дамуы қазіргі заманғы компьютерлерге қарағанда үлкен көлемдегі деректерді әлдеқайда жылдам өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл криптографияны, медициналық зерттеулерді және процестерді модельдеуді қоса алғанда, жоғары есептеу қуатын қажет ететін тапсырмаларға көзқарасты өзгертеді.

2. **Нанотехнология:** Молекулярлық және атомдық деңгейде материалдар мен құрылғыларды жасау энергетика, медицина және өндіріс сияқты әртүрлі салаларда тиімдірек және экологиялық таза технологияларды дамытуға мүмкіндік береді.

3. **Жасанды интеллект:** Жасанды интеллектті одан әрі дамыту автономды машиналарды, робототехниканы, медициналық диагностиканы және білім беруді қоса алғанда, кең ауқымды тапсырмаларды орындауға қабілетті ақылды жүйелерді құруға әкеледі.

4. **Биотехнология:** Гендік терапия, тіндік инженерия және биоинформатикадағы жетістіктер ауруларды емдеудің жаңа әдістерін жасауға, дақылдарды тиімдірек етуге және азық-түлік өндірісін жақсартуға әкеледі.

5. **Ғарыштық технология:** Ғарыштық технологиялардың дамуы, соның ішінде коммерциялық ғарыштық ұшулар, басқа планеталардағы ресурстарды өндіру, жаңа спутниктер мен ғарыш станцияларын дамыту ғарышты зерттеу және Жердегі мәселелерді шешу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Осы және басқа да жаңа технологиялар қоғамның болашағын қалыптастырып, оның дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер мен қиындықтар туғызады.

Қоғамның болашақ дамуының тағы бір маңызды аспектісі экологиялық тұрақтылық болып табылады. Климаттың өзгеруі мен табиғи ресурстардың сарқылуы жағдайында біздің қоғам тұрақты дамуға және қоршаған ортаны сақтауға ұмтылуы керек. Бұл біздің тұтынушылық әдеттерімізді қайта қарауды, экологиялық таза технологияларды дамытуды және тиісті саясат шараларын талап етеді.

Сонымен қатар, болашақта қоғамның дамуы әлеуметтік-мәдени өзгерістермен байланысты болады. Жаһандану, көші-қон және мәдени алмасу әртүрлі қауымдастықтар арасындағы мәдени әртүрлілік пен түсіністіктің артуына әкеледі. Бұл әлеуметтік ұйымның және өзара әрекеттестіктің жаңа формаларын талап ететін жаңа құндылықтардың, сәйкестіктердің және өмір салтын қалыптастыруға әкелуі мүмкін.

Тұтастай алғанда, болашақта қоғамның дамуы технологиялық прогресс, экологиялық тұрақтылық және әлеуметтік-мәдени өзгерістердің үйлесімімен анықталады. Дегенмен, осы келешекте қоғамның барлық мүшелерінің әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық, өзгерістерге бейімделу, инновациялар мен адами құндылықтар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қабілетін дамыту үшін белсенді жұмыс істеу керек. Тек осылай ғана біз болашақтың сын-қатерлеріне төтеп бере алатын және оның барлық мүшелерінің бақытын қамтамасыз ететін қоғам құра аламыз.
Мөлдір Мандыбекқызы

XXI ғасырдың басты көмекшісі

  • IT
Соңғы онжылдықтарда ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ (AI) 21 ғасырдың ең көп талқыланатын және перспективалы технологияларының біріне айналды. Біз ғылым мен ақпараттық технологияның бұл саласы бизнес үшін де, жалпы қоғам үшін де орасан зор әлеуетке ие екенін көріп отырмыз.

Соңғы жылдары жасанды интеллект әртүрлі салаларда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Жасанды интеллекттің дамуына үлкен үлесті компьютерлерге үлкен көлемдегі деректерді талдауға және құнды ақпаратты алуға мүмкіндік беретін машиналық оқыту алгоритмдері мен нейрондық желілер қосты. Бұл әсіресе үрдістерді болжау, процестерді оңтайландыру және шешімдердің сапасын жақсарту үшін пайдалы.

Дегенмен, жасанды интеллект қоғамда белгілі бір алаңдаушылық пен пікірталас тудырады. Адам еңбегін автоматтандырылған жүйелер алмастыруы мүмкін, бұл жұмыс орындарының қысқаруына және әлеуметтік мәселелерге әкелуі мүмкін деген алаңдаушылық бар. Күрделі моральдық шешімдерді қажет ететін салаларда AI-ны қолдануы этикалық мәселелері пайда болуы мүмкін.

Жалпы, 21 ғасырдағы жасанды интеллект өмір мен іскерлік белсенділіктің әртүрлі салаларын дамытуға ықпал ететін қуатты құрал болып табылады. Дегенмен, оны қолданудың әлеуметтік, этикалық және экономикалық аспектілерін де ескеру маңызды. Жасанды интеллектіні дамыту адам мен машина арасындағы үйлесімді одақ құруға бағытталуы керек, бұл біздің прогрессімізге және бүкіл қоғамның әл-ауқатына ықпал етеді. Бұл тәсіл арқылы жасанды интеллект біздің болашағымызда өз орнын табатыны сөзсіз.

Тоқтап ойланатын кез келді

Күнделікті өмірде, теледидарда, радиода «Экология өзгеріп жатыр, экологиялық жүйе бұзылды...» деген сөздер қаншалықты жиі естіледі? Экология дегеніміз не?

Иә, біз оны жиі байқамай, түсінбей жатсақ та, біз онымен тығыз байланыстамыз. Бастапқыда адамның және өндірістік факторлардың әрекеті соншалықты жаппай және агрессивті болмаған кезде, адам және бүкіл өсімдіктер мен жануарлар дүниесі біртұтас, үйлесімді жүйе болды. Өз өмірін жақсартуға тырысқан адам, қалыптасқан құрылымға байқаусызда кедергі келтірді. Жасанды экожүйелер пайда болды, олар миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан табиғат заңдарына қайшы келе бастады.

«Табиғатты жеңеміз» ұраны басым болғанымен, Еуропаның көп бөлігін қамтитын ормандар жоқ, тропикалық ормандар бұрынғы күйде емес. Адамзат көмірді, мұнайды, газды және басқа да пайдалы қазбаларды игеру мен пайдаланудан дами бастады. Ғасырлар бойы жер қойнауында жинақталғанның бәрі тез қазылып, өртеніп, өңделуде. Тазаланбаған қалдықтардың көп мөлшері атмосфераға шығарылып, ауаны, өзендерді, теңіздерді ластап жатыр.

Адамзаттың алдында қауіпті мәселе тұр: қоршаған ортаның өзгеруі халықтың денсаулығына қалай әсер етеді және қандай балалар дүниеге келеді? Қарапайым отбасының шежіресін жай ғана бақылай отырып, біздің ата-бабаларымыздың физикалық денсаулығына қатысты еш күмән болмайды.

Табиғат адамнан күшті және ол қарсылық көрсетуде — кенеттен климаттың өзгеруі, су тасқыны немесе құрғақшылық, дауылдар, қалаларды түтін басып жатуы. Экологиялық жағдайды қорғауға бағытталған бірқатар қозғалыстар бар. Бүгіннің өзінде қанша экологтар баршамызды болашақтағы мәселеге дайындауда. Бір қоқысты сұраптаудың өзі қанша көмек әкеледі.

Тоқтап ойланатын кез келді.