Әлемдегі ең үлкен өтірік - әлеуметтік желідегі парақшаң

Әлеуметтік желі дамыған заман. Баршамыз да тәуліктегі 24 сағатты телефонға телміріп өткіземіз. Рас! Әлемдегі ең үлкен өтірік — әлеуметтік желідегі парақшаң.
Мәселен мен Instagram, Tik-Tok желілерінде белсендімін. Бәрінің көрсететіні бір «әдемі» әлем. Қайсысын қарасаң да, бәрі сенен күшті өмір сүріп жатқандай. Шыны керек, блогерлерді немесе әлеуметтік желіге өмірін қызықты етіп көрсететін адамдарға қызығып та, қызғанып та қараймыз. Құдды бір жеке өмірінде ешқандай мәселе жоқ сияқты. Бірақ, ол адамның ішкі әлемінде не болып жатқаны бізге беймәлім. Камераға күліп қарап, әдемі кейіп таныту кез — келгеннің қолынан келеді деп ойлаймын. Бізді мінсіз, мұңсыз қылып көрсететін әлеуметтік желідегі парақшамыз. Әлде бір қызықсыз, сұрықсыз парақшаның артында өзінің жеке өмірін жариялағысы келмейтін, ішкен -жегенін, киген-сүйгенін өзінің әдемі әлемі санайтын жұмбақ жан тұрады. Керісінше, мақтануды, шетелде демалуды білетін, ал, қайырылымдыққа келгенде бөліп берер ақшасы жоқ, өзін ел- жұртқа бай қылып көрсетуді білетін адамдар да өкінішке орай, инста-арамызда жүр.
Әлеуметтік желіде бет әрлегіш маскалармен қуыршақтай көрінетін сұлу бикештер көп. Өздерін алдап қана қоймай, өзгені де сол жасанды сұлулыққа иландырып жүргендері қаншама? Алайда, жасөспірім қыздар сол бір жасанды бейнеге қарап «Шіркін, менде сол секілді болсам ғой» деп еліктейтіндерін қайтерсің.
Сөзбен көп нәрсені уәде етіп, ақылдының кейіпін танытып, жүрген жеріне түкке тұрғысыз «бес тиынын» қыстырмаса жүре алмайтындар қаншама?
Жылтырағанның бәрі алтын емес, күліп жүргеннің бәрі бақытты емес… Өзіңдегі барды бағала!

"Көшпенділер рухы: 2024 жылғы Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының ерекшеліктері"

2024 жылғы Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар мен мәдениет қайраткерлерін біріктірген ауқымды шара болды. Бұл ойындар көшпенділердің бай рухани мұрасын қазіргі заманға сай көрсетуге және оны әлемге танытуға бағытталды.

Ойындардың жалпы шолуына тоқталсақ. 2024 жылғы Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары мәдениет пен спортты бір арнаға тоғыстырған маңызды шараға айналды. Әлемнің 100-ден астам елінен 3,000-нан астам спортшы мен 1,500-ден астам мәдениет қайраткері қатысты. Жарыстар мен мәдени іс-шаралар арқылы бұл ойындар көшпенділердің бай мұрасын қайта жаңғыртып, оған деген қызығушылықты арттырды.

Спорттық Жарыстардың Ерекшеліктері қандай болды?

2024 жылғы ойындар бағдарламасына 20-тан астам спорт түрі енді, оның ішінде көкпар, аударыспақ, күрес, садақ ату және тоғызқұмалақ сияқты дәстүрлі ойындар болды. Бұл спорт түрлері арқылы көшпенділердің батырлығы, еркіндігі және даналығы айқын көрінді. Әсіресе, көкпар жарыстары көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркия және Өзбекстан командалары бұл спорт түрінде ерекше шеберлік танытты.
3,000-нан астам спортшы 200-ден астам команда құрамында өз шеберліктерін көрсетті. Бұл қатысушылар саны 2018 жылғы ойындарға қарағанда 15%-ға артқанын көрсетеді.
Ойындарда 581 медаль жиынтығы ойнатылды. Қазақстан құрамасы 43 алтын, 32 күміс және 37 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте көшбасшылар қатарынан көрінді.

Сонымен қатар 100-ден астам мәдени іс-шара, соның ішінде көрмелер, фестивальдар, концерттер ұйымдастырылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар көшпенділердің салт-дәстүрлерімен, өнерімен және тұрмысымен танысты.
50-ден астам көрме мен фестивальде киіз үйлер, зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер мен тағамдар көрсетілді. Бұл көрмелерге 100,000-нан астам көрермен қатысты, бұл мәдени мұраға деген үлкен қызығушылықты білдіреді.

Ойындар елге 200,000-ға жуық туристі тартты, бұл туристік саланың 30%-ға өсуіне ықпал етті. Ойындардың жалпы экономикалық әсері 500 миллион АҚШ долларын құрап, шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік берді.
Ойындар арқылы көшпенділердің мәдениеті мен спорты халықаралық деңгейде танылып, жастардың дәстүрлі құндылықтарға деген қызығушылығы артты.

Қорытынды

2024 жылғы Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары мәдениет пен спорттың тоғысуына, көшпенділердің бай мұрасын жаңғыртуға мүмкіндік берді. Спорттық жарыстардағы жоғары нәтижелер, мәдени іс-шаралардағы халықтың белсенділігі және жалпы экономикалық әсері бұл ойындардың әлемдік деңгейдегі маңыздылығын дәлелдеді.

Ойындар көшпенділердің ұлттық спортын, мәдениетін және рухани құндылықтарын қазіргі заманға сай жаңғыртып, оларды әлем халықтарына насихаттауда үлкен рөл атқарды. Алдағы уақытта мұндай ойындардың жалғасы көшпенділердің мәдениетін әрі қарай насихаттап, әлем халықтарын біріктіруге қызмет етеді деп сенеміз.

Алысқа көз тастатқан бостандық

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Яғни бабаларымыздың жанымен шекара сызығы белгіленген еліміз Мағжан сенген жастардың қолында. Және сөзсіз жастарымыздың елді дамытуы міндетті.
Мен қазіргі таңда «Аласапыранды» оқып жатырмын.
Оқиға шамамен 1590-1600 жылдар шамасында болып жатыр.
Осы жылдары әлемде не болып жатыр еді?
1590 жылы микроскоп жасалды. 1592 жылы Шекспирдің «Ромео мен Джульетта»-сы жары көрді. 1600 жылы Еуропада 80 мыңнан көп тұрғыны бар 9 қала болды. Сол кездің өзінде Лондон, Париж де қалалық өркениет дамып кеткен еді. Осы кезде қалаларда театрлар ашылып пьесалар қойылып, опералар айтылып жатты. Англиялық физик Уильям Гилберттің «Магнит, магниттік денелер және Жер – үлкен магнит…» деген ғылыми еңбегі жарық көрді. Сол кезде электр ғылымының атасы атанып үлгерді.
Ал біз не істеп жүрдік?
Билікте Тәуекел хан. Әскеріміз әлі садақпен атысып жүр. Шығармада (Аласапыран) мылтықты тамсана суреттейді. Сондай бір қару бар екен жай отын қолға бағындырған. Алты қабат матаны да тесіп өтеді екен. Ол тисе басың ұшып кеткенін де сезбей қатады екенің. Ол орыс дейтін ұлтта бар көрінеді. Соған жетуіміз керек дейді.
Біз әлі көпшеліміз. Жәй көшпелі емес хандығымызбен бірге қазақ даласын арлы берлі көшеміз. Қыс болса Сыр мен Шу өзенінің бойын жағалай келіп қыстаймыз. Көктем шығып қар етегі сөгіле Есіл, Ертіс, Нұраның бойына қарай көшеміз. Бүгінгімен айтсаң қыста Тараз бен Қызылордада қыстап, көктем шыға Қостанай, Астана, Павлодарға көшеміз. Бір екі үй емес. Руымен, ел болып көшеміз.
Мееің айтқым келгені, Еуропа жақсы, біз жаманбыз деген сөз емес. Бір материкте тұрып параллельді әлемде өмір сүргендейміз. Біз дала өркениетімен өмір сүріп жаттық. Өз сән салтанатымызбен, өз білім биігімізде болды.
Алайда, сол дәуірден қазіргідей кезеңге жету – оңай іс емес. Міне, бүгін еліміз тәуелсіз мемлекет ретінде жаңа өмір салтына қызмет ете бастады. Ғасырлар бойғы халықтың арман, мақсаты орындалды, ата — баба алдындағы парызы өтелді. Дүниежүзілік ірі ұйымдарға мүшелікке қабылданып, ерекше қарқынмен дамып келеміз. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы өзінің елдігін ынтымақ пен бірліктің арқасында сақтай білді. Атам қазақ қиындықтың артынан жақсылық келеді деп бекер айтпаған. Елбасымыздың арқасында дүниежүзіне үлгі боларлықтай мемлекет дәрежесіне жетті. Жүз отыз алты ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында жиналуы да кездейсоқ емес. Асан қайғының Желмаясына мініп, іздеген Жерұйығы осы тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.

Әке

Осы күнге дейін жеткен бар жетістігім, шалқып өмір сүріп жүргенім өзіңнің арқаң, әке. Берген тәрбиең, бойыма дарытқан ер мінезің үшін мәңгі қарыздармын. Жасаған жақсылығыңды қалай қайтарам? Қолымнан келе ма? Үлгерем бе? Мені мазалайтын сұрақтар осы ғана.Уақыт неткен жылдам еді. Кеше ғана 40- қа толған едің. 11 жыл өте шығыпты. Байқамадым. Сезбедім.

Бәрі есімде қалай доп тебуді, велосипед айдауды үйреткенің. Қолымнан жетелеп стадионға апарғаның, құласам демеп көтергенің, жыласам Дикош деп жұбатқаның бәрі, бәрі де.

Маған сенің “балам” деген сөзіңнің өзі еркелеткенің. Бақытты балалық шағым үшін, маған деген сенім мен махаббатың а алғысым шексіз. Мен сені мақтан тұтамын, әке. Менімен “мынау менің ұлым” деп айтатындай дәрежеге жетермін бұйырса.

Сенің суретіңді ұлыма мынау менің ӘКЕМ деп ұялмай көрсете аламын. Мен өзіңдей ӘКЕ болсам арманым жоқ. Әке қатты жақсы көремін. Өзіңе ол туралы айта алмаймын. Олда бір сенің дұрыс тәрбие бергеніңнің белгісі шығар, бәлкім.

Өзіңді сыйлап үйрен

Ортада сыйлы болу үшін әуелі өз-өзіңді сыйлап үйрен.

Барынша шынайы болыңыз себебі, жасандылық ол өзін-өзі алдау.
Өз құндылық пен қызығушылығыңызды өзгелерден биік қоюға тырысыңыз.
Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, өз дене бітіміңізге көңіл бөліп спортты қатар алып жүріңіз. Денсаулықты ойлау – өзіне қамқорлық жасау, өзін-өзі ойлау. Бұған «өз өміріне жауаптылық» дегенді де қосуға болады. Егер өзіңізге жаныңыз ашыса, денсаулыққа зиянды әдеттерден арылыңыз.

Даму үстінде болыңыз, көп кітап оқып білім алудан шаршамаңыз. Абай атамыз айтқандай, тек ақылыңыз бен қайратыңыз екі жақтап алып шығады.
Өз ойыңызды білдіруден қорықпаңыз.
Өз-өзіңізге деген сенімділік – қоршаған ортаңызда қадір-қасиетіңізді арттырып, мансап жолында үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын қасиет. Бірақ, өзіңізге деген сенімділікті тәкаппарлықпен шатастырып алмаңыз.

Өзіңізді сүюді, құрметтеуді бүгіннен бастаңыз🙌

Бір заң керек

Қазақстан ұлттық құрамасы үшін футболшылардың шет елде ойнағаны дұрыс қой. Мысалы, Зайнудинов, Оразов, Быстров, Әліп секілді жігіттерді қараңыз. Вороговский қандай күшті еді, Бельгияда жүрген кезде. Енді Қазақстан ойыншыларын шетелге қалай шығарамыз?

Чемпионатқа тартыс керек. Мықты ойындардың көп болғаны жөн. Сонда ТВ арқылы көргенде ерекше ләззәт аласың. Ол үшін алаңда мықты ойнайтын легионерлер көп болуы тиіс. Әдемі голдар, ғаламат пастар көбейеді! ТВ транслияция сапасы күшейіп, оған жарнама берушілер артады. Сол арқылы жаңа инвесторлар футбол клубына қызыға бастайды. Демек, чемпионатты күшейту үшін клубтарға еркіндік беру қажет. Сапалы легионер тауып алуға ұмтылыс жасайтындай орта қалыптастырып беру керек.

Ел футболын дамыту үшін бізге дәл қазір түрлі эксперименттерге баруға болады. Несіне қорқамыз? Англия мен Испания да солай істеген ғой.

Қойылым

🎭

Киелі сахнада жүргеніме біраз уақыт болыпты.
Әр қойылым сайын үлкендер бізге сахна жеңілдігін берсін деп бата береді. Көптеген көрермен алдында өнер көрсету оңай емес. Оған ұзақ дайындық керек. Қойылымдағы 5 минуттық сөзің үшін, немесе 3 минуттық биің үшін қанша еңбек пен уақыт кетеді. Соның бәрі сахна алдындағы көрерменнің қошеметі және жан мен тән рахаты үшін. 🤗

02.02.2024 03.02.2024 2 күн қатарынан Мұхтар Шахановтың “Танакөз” поэмасын сахналадық. Шығарманың негізгі арқауы-достық пен махаббат. Шынайы достық пен пәк сезімнің айқын көрінісі. Тойдың боларынан боладысы қызық дегендей бізге дайындық кездері сондай ыстық. Бір-бірімізді шынайы танып, достығымыз одан сайын берік бола бастайды.🥰🫶

Бұл қойылым “Шаңырақ” театрының тарихына жаңа леп, жаңа мүмкіндіктер алып келді. Режиссеріміз Бағдат Әшімнің тапқырлығының арқасында бұл қойылым көрерменнің ыстық ықыласымен қошеметіне ие болды.👏

Аманатқа қиянат!

Жалпы соңғы онжылдықта ел ауаның ластануы, ормандардың жойылуы және жануарлардың көзден ғайып болуы сияқты бірқатар маңызды экологиялық мәселелерге тап болды.

Қазақстандағы экологиялық проблема: Арал теңізін құтқару үшін күрес. Бұл аңыз теңіздің құрғауы қазіргі экологияның ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Адам қызметінің жойқын әсері, соның ішінде ауыл шаруашылығын суару, аймақтың экожүйесіне ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, Арал теңізінің тартылуына әкелді. Тепе-теңдікті қалпына келтіруге және табиғатты қорғауға бағытталған күш дереу назар аударуды және келісілген халықаралық жігерді қажет етеді.

Қорытындылай келе, кезінде барша халықты балықпен қамтамасыз еткен теңіздің, қазіргі таңда назарсыз қалып отырғаны қынжылтады. Қоғам мен Үкіметтің қатысуымен табиғат пен адам үйлесімді болатын тұрақты болашаққа қадамдар жасауға болатындай.

Табиғат адамзатқа берілген аманат қой. Қазақты үлкендер кішкентайынан аманатқа қиянат жасама деп үйретпеуші ме еді?